«Қазақмыс» заң басқармасының бөлім басшысын ҰҚҚБ қызметкерлері ұстады.
Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС заң қызметі департаментінің орталық өңірінің заң басқармасы шарттық-талап қою бөлімінің бастығы Азат Жұмабаевты ұстады.
Ол ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігінде көзделген «Қорқытып алушылық» қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктенеді.
«Қазіргі уақытта Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізілуде», — делінген хабарламада.