• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан итальяндық ШОБ қатысуымен кооперациялық жобаларға мүдделі

Қазақстан итальяндық ШОБ қатысуымен кооперациялық жобаларға мүдделі

13 марта, 2024 Жаңалықтар

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Италия Республикасының Сенаторы Д. Терци ди Сант’Агатамен 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Италия президенттері қол жеткізген келісімдердің іске асырылуын талқылады. Келіссөздердің негізгі бағыты «Road to Kazakhstan» жобасы арқылы елдер арасындағы сауда және мәдени ынтымақтастықты күшейту болды. Ол Италияның 30 қаласы арасында ел, мәдениет, ұлттық тағамдар, туристік мүмкіндіктер және т.б. туралы ақпарат тасымалдайтын брендтелген жүк көліктерді пайдалануды көздейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сенатормен талқыланған Қазақстанның елдік брендін ілгерілету идеясын жалғастыра отырып, министр Италияның бизнесті дамыту және қолдау институттарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Шетелдегі итальяндық Сауда палаталары қауымдастығының Бас хатшысы Доменико Мауриелло мырзамен Қазақстан нарығында итальяндық бизнесті интернационалдандыру туралы келісімге қол жеткізілді. Қауымдастық итальяндық ШОБ-тың кәсіпорындарын біріктіру және елімізде бірлескен жобаларды іске асыру бойынша флагман қалыптастыру үшін Қазақстанда өкілдік ашуға мүдделі. Қазақстанның сауда және интеграция министрі бұл бастаманы қолдап, Палатаның қызметі «Made in Kazakhstan with Italy» тұжырымдамасын орындауға бағытталуы және Үкіметаралық жұмыс тобының алаңында пысықталуға тиіс екенін атап өтті. QazTrade пен Қауымдастық ШОБ бойынша дерекқорлармен алмасу және В2В байланыстарын орнату үшін компаниялардың жалпы тізілімін құру туралы меморандумға қол қоюға, сондай-ақ Бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге келісті.

Италиядағы ірі Unionservici Confapi шағын және орта кәсіпорындар конфедерациясының президенті Винченцо Элифанимен кездесу барысында министр Арман Шаққалиев іскерлік байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Біздің конфедерациямен өзара іс-қимылымыз қазақстандық тауарларды итальяндық нарыққа шығару үшін маңызды құрал бола алады, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобалар үшін жаңа серіктестер іздеуге ықпал етеді», – деді сауда және интеграция министрі және итальяндық бизнесті біздің елімізде экспортқа бағдарланған жобаларды дамытуға инвестиция салуға, бірлескен өндіріс ашуға шақырды.

Винченцо Элифани атап өткендей, егер бұрын итальяндық компаниялар елден тыс шығуға үлкен ықылас білдірмесе, қазір кәсіпкерлердің шетелдік нарықтарға, оның ішінде Қазақстанға деген шынайы қызығушылығы бар. 116 мыңнан астам итальяндық ШОБ кәсіпорындарын біріктіретін ірі конфедерация басшысының айтуынша, «Made in Kazakhstan with Italy» жобасы Италия мен Қазақстанның шағын және орта бизнесі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыты болуы мүмкін. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар жақын арада екі елдің ШОБ кәсіпорындары қатысуымен бірлескен жобаларды анықтауға келісті.

AICR ірі итальяндық концерннің үйлестірушісі Ольга Гелучимен келіссөздер барысында Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев экспорттық әлеует пен ынтымақтастықтың маңызды мүмкіндіктері туралы айтты. AICR Орталық Азия мен Оңтүстік Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық және өнеркәсіптік қатынастарды дамытумен айналысады, еуропалық тауарларды Еуразия елдерінің нарықтарына экспорттауға ықпал ететін өндірушілер мен дистрибьюторларды біріктіреді. Арман Шаққалиевтің пікірінше, итальяндық концерннің мұндай қызметі «Made in Kazakhstan with Italy» тұжырымдамасын іске асыру және ілгерілету үшін пайдалы болуы мүмкін. Тараптар тоқыма және химия өнеркәсібін, азық-түлік өнімдерін және т.б. қоса алғанда, түрлі секторлардағы Қазақстан мен Италия компаниялары арасындағы ынтымақтастық  үшін 10 жобаны іріктеу мүмкіндігін талқылады.

Speri Kazakhstan компаниясының топ-менеджерлері Франческа Де Биаси және Лука Латинимен кездесуде Қазақстандағы перспективалық жобаларды жүзеге асыру туралы талқылады.

Speri итальяндық компаниясы коммуналдық құрылыста жобалау, кеңес беру және сапаны бақылау бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ инженерлік қызметтерді ұсынады. Қазақстанда Speri бірнеше жобаны іске асырды, қазір Азия Даму Банкінің қаржыландыруымен Қарағанды облысында аурухана құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада итальяндық компания Алматы қаласында өз кеңсесін ашады. Оның қызметкерлері толық циклді нысандарды жобалаумен, соның ішінде экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын болады. Компания басшылығының айтуынша, өңірлік нарықта жұмыс істеу үшін олар Қазақстаннан жас мамандарды – жобалаушыларды, инженерлерді, дизайнерлер мен сәулетшілерді тартуды көздеп отыр.

Carmec srl компаниясының халықаралық менеджері Антонио Амбросио мырзамен сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша ынтымақтастық жобаларының мәселелері талқыланды. Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанда ірімшік өндірудің ең үлкен әлеуеті Алматы облысы, ШҚО, БҚО және СҚО. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасымен шекарада орналасқан Орталық Азия ХӨКО алаңында өндіріс ашуға зор мүмкіндіктер бар. Итальяндық тарап әлеуетті жобаларды зерттеуге және Қазақстанда жұмыс істейтін өндіріс орындарына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.

Италиядағы қара бекіре уылдырығын ірі өндіруші AGRO ITTICA LOMBARDA SPA компаниясымен кездесуде тараптар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша идеялармен алмасты. Атап айтқанда, компанияның бас директоры Карла Сора Қазақстанда уылдырық өндірісін іске қосуды, кейіннен Таяу Шығыс елдеріне экспорттауды қарастыруды ұсынды.

Қазақстан өз тарапынан итальяндық бизнеске еліміздегі уылдырық өндірісінің әлеуеті бойынша аналитикалық мәліметтер беруге, сондай-ақ ірі отандық уылдырық өндірушілермен кездесулерді ұйымдастыруға көмектесуге дайын. Компания ұсынған стандарттар мен олардың тәжірибесі біздің өндірушілерге ЕО нарығын ашуға көмектеседі.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.