Осыдан біраз бұрын «Байтақ» жасылдар партиясы «Парасат» кәсіпкерлер альянысымен бірігіп, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кеніштеріне байланысты шетелдік компанияларымен жасалған келісімшартты қайта қарау керек деген үндеу тастап, петиция жариялаған едік. Өкініштісі, әлі күнге тиселі қол жиналмай жатыр? Неге? Халықтың енжарлығы ма, әлде өзіне тиселі үлесті қалай алуды білмейтін білімсіздігі ме? Түсінбедік? Бұл жерде жасылдар партиясы ұпай жинайық, «атың шықпаса, жер өрте» дегеннің кебін келтіріп хайп жасайық деп отырған жоқпыз. Біз – мұнай кеніштерінен түсетін үлкен пайдадан Қазақстанның қағылып отырғанын көріп отырмыз. Шет елдік компаниялар жылына осы кеніштерден 30 миллиард доллар пайда көріп, мұртын майлап отыр. Жылына 30 миллиард доллар! Аз ақша емес! Ал, қазынаның иесі Қазақстанға осы кеніштерден жылына 16 миллиард доллар кіріс кіруі тиіс еді. Өкінішке орай, олақ жасалған келісімшарттардың кесірінен соқыр тиында көрмей отырмыз. Мәселен, мұнай экспортынан түсетін салықтан 6 миллиард, ал, үлесіміз 50 пайыз болса 10 миллиард доллар Қазақстанның қамбасына құйылуы тиіс болатын. Бірақ ондай пайдадан біз қағылып отырмыз. Өйткені шет елдік компаниялармен біздің билік келісімшарт жасасқанда, шетелдіктердің мүддесіне сай, солардың ыңғайына орай келісімдерге қол қойылған. Соның арқасында шетелдік компаниялар еліміздің байлығын «заңды» түрде тонап отыр. Мұны қарапайым халық түсіне бермеуі мүмкін. Неге десең, жасалған келісімшарт – құжаттардың бәрі құпия. Ашықтық жоқ. Осының бәрін қазір қайта қарап, халықтың мүддесіне сай жаңа келісімдер жасалғаны жөн. Өкініштісі, осы кеніштерге байланысты жасалған келісімдерде Қазақстанның үлесі не бәрі 15 пайыздан аспайды. Масқара ғой. Жаңа шарт бойынша еліміздің үлесі кем дегенде 50 пайыз болуы тиіс деп есептейміз. Мәселен, әлгінде мысалға келтірген 16 миллиард долларды Қазақстан халқының санына шақсақ, әр азаматқа 800 доллардан келеді екен. Егерде сіздің отбасыңызда 5 адам болса, онда сіз жылына 4000 доллар кірістен қағылып отырсыз. Бұл халық болып ойланатын дүние. Осының бәрін есептей келе біз — «Байтақ» партиясы «Парасат» кәсіпкерлер альянысымен біріге отырып, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнай-газ кенішітеріне байланысты жасалған бұрынғы яғни еліміздің мүддесіне сай емес, келісімшартардың күшін жойып, жаңа талаптар енгізе отырып, жаңа келімішартардың жасалғанын қалаймыз. Сол үшін петиция жариялап отырмыз. Егер қажетті қол жинай алсақ, билік міндетті түрде халықпен санасары хақ. Сондықтан халық болып, петицияға қол қойып, еліміздің өзімізге тиселі байлығын шет елдік компаниялардан қорғайтын күн туды! Сондықтан өзімізге тиселі байлық, өзімізге қызмет етсін дейтін болсақ, белсенділік танытып, бізді қолдаңыз ағайын!
Петицияға төмендегі сілтеме арқылы өтіп, электронды цифрлық құжат арқылы қолдауға болады:
https://epetition.kz/…/aee8b730-6072-4a14-82c1…
Азаматхан ӘМІРТАЕВ