Қазақстанда бір өзі 116 несие алған әйел анықталды
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдың басында Қазақстанда 18-ден ересек 13 миллион адам болған. Басым көпшілігінің, 53%-ының қолданыстағы қарызы бар.
«Орташа алғанда, Қазақстанда ерлер мен әйелдер 2 қарыздан алады. Алайда әйелдер негізінен, өздеріне ұсақ қарыздарды көп ресімдейді. 2023 жылы бір ғана ер адам алған қарыздардың ең көп саны – 69 заемды құрады. Бұл алдыңғы жылғы ең көп қарыз алған ер адамнан 10 несиеге кем. Ал әйелдер арасында ең көп қарыз алған адам өзгермей қалды және ол 116 заемға ие», – деп мәлім етті агенттік мамандары.