.
Өткен аптада «Байтақ» жасылдар партиясы Астанада су саласының проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік конференция өткізген болатын. Елімізге танымал ғалымдар қатысып елдегі су тасықының себеп, салдары мен оның алдын-алудың тұщымды пікірлерін білдірген еді. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев сандық деректерді қолдана отырып, су тасқынынан келген суларды ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін белсенді пайдалануға болатынын айтқан еді. Мәселе оңынан шешіліп су және ирригация министрлігі гидрогеологиялық қызмет құру туралы тиісті қаулыны әзірлеуді бастап кетті.
Құрылатын Ұлттық гидрогеологиялық қызмет елдің жерасты су ресурстарын барлау мен қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Ведомство жер асты су ресурстарын басқаруды цифрландыру үшін құрылады. Су ресурстары министрлігі үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірледі. Іске қосылғаннан кейін қызмет гидрогеология және геофильтрациялық модельдер саласында тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелер, жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, сандық және картографиялық дерекқорлар мен оларды басқару жүйелерінің дерекқорын құрады. Су ресурстары министрі қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында жер асты суларын пайдалану үлесі 7-10% құрайтынын түсіндіреді.