• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықты қайта өңдейтін жаңа 37 зауыт іске қосылады

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықты қайта өңдейтін жаңа 37 зауыт іске қосылады

12 марта, 2024 Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекіткенін еске салды. Бұл қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін іске қосуға және қайта өңдеу қуаттарына қатысты. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі несие беру мерзімін және 3%-дық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады.

Бүгінде 232 млрд теңгеден асатын 94 жоба іріктелді. Оларды іске асыру төсемтастарды, люктерді, қоқыс жәшіктерін, шыны ыдыстарды, стрейч пленкаларын және басқа да халық тұтынатын тауарлар шығаруды жолға қоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қуаттылығы жылына 3 млн тоннадан асатын сұрыптау желілерін салу және жаңғырту бойынша өңірлер арқылы 21 жоба пысықталды. Жобаларды іске асыру сұрыптау желілерінің қуатын қазіргі 1,7 млн тоннадан 4,7 млн тоннаға дейін жеткізуге, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі қалалар мен ірі елді мекендерді қамтуға мүмкіндік береді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы қуаттылығы жылына 1,2 млн тоннадан асатын жаңа 37 зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 8 зауытты жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл өңдеу көлемін жылына 1,4 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердегі тиісті инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

Отырыста Қазақстан қаптамашылар қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров жаңа өндірістерді құру және қолданыстағы қуат көздерін жаңғырту туралы баяндама жасады.

Премьер-Министр атап өткендей, республиканың көптеген өңірлерінде әлі күнге дейін коммуналдық қалдықтарды ұтымды жинау мен шығаруға және оларды сұрыптап, қайта өңдеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Оңды-солды рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болуда. Оларды жою мәселелері уақытылы шешілмейді.

«Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратуда. Ал  бізде қарапайым сөзбен айтқанда, жиналған қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды. Бұл елді мекендердің көркін бұзумен қатар, ешқандай санитариялық, экологиялық нормаларға сай келмейді», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министрдің айтуынша, тамақ қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселелері де шешімін таппай отыр. Осыған байланысты қалдықтарды жинаудан бастап, қайта өңдеуге дейін кәдеге жаратудың тиісті тетіктерін әзірлеу қажет.

«Министрлік пен өңірлер бұл жұмысты созбалаңға салып жіберді. Кәсіпорындардың көпшілігі қайталама шикізатты жинаумен, оны буып-түйіп, шетелге сатумен ғана айналысады. Ал  қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр мысал ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» компаниясы полиэтилен мен қағаз қалдықтарын қайта өңдеп, халық тұтынатын әртүрлі тауарлар өндіріп отырғанын айтты. Шымкентте «Еврокристалл» компаниясы шыныны қайта өңдеп, ыдыс-аяқ шығарады.

Алматы облысында  KZ recycling  компаниясы макулатурадан қағаз өнімдерін шығарады. Ал Қызылорда облысында әрбір аудан қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты өз жобаларын іске асыруда.

Бұл ретте Үкімет басшысы Атырау, Ақтөбе және Абай облыстары көптен бері қалдықтарды сұрыптау желісін іске қоса алмай отырғанын атап өтті.

Олжас Бектенов жалпы  бүкіл әлемде қоқысты қайта өңдеу табысты бизнес болып отырғанын, Қазақстан да бұл бағытта замана көшінен қалмауға тиіс екенін атап өтті.

«Осындай жобаларды іске асыру кезінде кәсіпорындарды экономикалық жағынан ынталандырудың тиімді тетіктері енгізілуі қажет. Оның үстіне, коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу мен сұрыптау жобалары 15 жылға 3% жеңілдікті мөлшерлемемен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылатын болады», –  деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы сондай-ақ қалдықтар жинау, тасымалдау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін Экоқолдау төлем бағдарламасының тетігі қайта іске қосылғанын айтты.

«Қалдықтармен жұмыс істеудің нақты жүйесі экономикалық және экологиялық әсер беріп қана қоймай, кәсіпорындар ашуға, жаңа технологиялар тартуға, жұмыс орындарын ашуға да ықпал етеді», – деді Олжас Бектенов.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Үкімет басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласына инвесторлар тартудың қосымша тетіктерін әзірлеуді, тиісті инфрақұрылымдық жобалары бойынша өтінімдерді жеделдетіп қарау шараларын қабылдауды және толық пайдалануға берілгенге дейін әрбір жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды. Премьер-Министр осы салада басталған барлық жобаларды іске қосу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Aikyn.kz.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.