Қазақстанға АЭС-ті төрт мемлекет қанша сомаға әрі қандай мерзімде салуға уәде беріп отыр
Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ, жуық арада түсе де қоймайтыны анық. Әуелі АЭС құрылысы жайлы сөз болғанда жұртшылықтан қолдаудан гөрі қарсылық көп болған. Үлкен ауылындағы бір тыңдаудан кейін билік те референдум өткізбей, шешім қабылдау қиын екенін түсінсе керек. Тоқаев «референдум өтеді» дегелі алты ай өтіп кетті. Оның өтер күні әлі белгіленген жоқ.
Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы Тимур Жантикинді сөзге тартып көрген. Біз одан қай мемлекет қанша сомаға әрі қандай мерзімде атом электр станциясын салуға уәде беріп отырғанын білгіміз келді.