6 сәуірде Құлсарыдағы суға кеткен үйін қарап келем деп шығып, хабарсыз кеткен екі адам – Болатбек Ермекбаев пен Асылхан Нұржау әлі табылған жоқ
Олардың жақындары іздеу жұмыстары басында баяу жүргенін айтты.
«Екеуі байланысқа шықпаған соң өзіміз іздей бастадық. Телефонын алмаған соң ТЖМ-ға хабарластым. Бірақ 6 сәуір кешке дейін, тіпті түнге дейін ТЖМ адамдары мұнда болған жоқ. Оларға адам жоғалғаны туралы хабар түсті, бірақ келмеді. Басында іздеу жұмыстары баяу жүрді, біз жоғары жаққа шыққан соң ғана ТЖМ жұмысын күшейте бастады. Қазір жұмыс жүріп жатыр, бірақ нәтиже жоқ» деді Болатбек Ермекбаевтың қызы Диана Азаттыққа.
Бұдан бөлек, 7 сәуірде Құлсарыда екі ер адам өлі табылған. Облыстық ТЖД «6 сәуірде екі адам суға кеткен үйлерін көреміз деп трактор мініп шығып, жолда трактор аударылған» деп отыр.