Семей орманы қалпына келу үшін қанша жыл керек?
Семейдегі былтыр өрткен оранған орман қашан қалпына келеді? Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді.
Сонда өсіп тұрған ағаштың түрін алсақ, қарағай басым. Әрине, қарағайдың өсімталдығын қарасақ, қылқан жапырақты ағаштар өте баяу өседі. Сол себептен біз айтып отырмыз, кәдімгі орман толыққанды қалпына келу үшін 40-50 жыл керек. Сол себептен біз қаншама әрекет жасасақ та, ағаштың табиғи өсу қабілетімен байланыстырып отырмыз, — деді министр Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.