Мұны еуразиялық экономикалық комиссияның өкілі растады. Өзгеріс еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден заңнамасына енгізілген түзетулері күшіне енгеннен кейін болады.
Қауымдастық мүшелері өткен жылдың 25 желтоқсанында талапты өзгертуге келісті. Жаңа тұжырымдама электрондық коммерция тауарлары түсінігін енгізуді көздейді және оларды жеке тұлғаларға сату кезінде міндетті алымдарды төлеу талабын қарастырады.
«ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің жеке тұлғалары сатып алған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленуге жатады», – делінген хаттамада.
Баж салығы қашаннан бастап салынатыны бойынша нақты мерзімі айтылмады, өйткені құжатты ұлттық парламенттер мақұлдауы керек.