• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Шуға айналған іске қатысты Берденов мәлімдеме жасады

Шуға айналған іске қатысты Берденов мәлімдеме жасады

6 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: t.me/mazhilis_kz
Шымкент. 6 тамыз. /Әсел Мәдәліқызы/ BM.KZ – Қазіргі таңда денсаулығына байланысты оңалту кезеңінен өтіп жатқан жәбірленуші Берденов сот процесіне жеке қатыса алмайтынын әлеуметтік желіде мәлімдеді. Ол сөзінде сот барысын және оған қатысты ақпараттық ахуалды мұқият бақылап отырғанын жеткізді.
Оның сөзінше, айыпталушы Жиембай тарапынан айтылған мәлімдемелер – қысым мен бопсалаудың амалы. Шенеунік соңғы рет жауапкерді оқ атылған күні ғана көргенін, содан бері байланыс болмағанын айтты.
Фото: әлеуметтік желіден
Жазбада Руслан Берденов қала әкіміне қатысты тараған жалған ақпараттарды да теріске шығарды. Жиембайдың әйеліне қатысты айқан сөзді ол «өрескел манипуляция» екенін жазды.
«Сотта жауапкер Жиенбай тарапынан айтылып жатқан мәлімдемелерге үнсіз қалу мүмкін емес. Бұл тек қана шантаж және қысым көрсету әрекеті. Бүгінде бұл жалған мәлімдемелерге қала әкіміне қатысты тұстарды да қосып жатыр. Бұл тағы да істің ақиқатқа емес, қысым көрсету мен беделге нұқсан келтіруге бағытталған өрескел манипуляция екенін дәлелдейді. Мен мұндай мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарамын және оларды мойындамаймын», — деген Берденов әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының айтуынша, Жиенбай өз өкілдері арқылы келісімге келуге де тырысан. Тіпті, «достасу» ұсынысын жасаған көрінеді. Ал бас тартқан жағдайда «ақпараттық шабуыл» ұйымдастыратынын ескерткен. Сонымен қатар, айыпталушының әкесі өзін-өзі өртейді деген мәлімдеме жасауды жоспарлап, қысым көрсеткенін мәлімдеді.
«Бастапқы ұстанымым өзгерген жоқ. Қақтығыстың түп-төркіні — кәсіби, қызметтік сипатта. Жауапкер келісім аясындағы жұмысын адал атқарғысы келмеді, есеп беруден жалтарды. Мен тек ашықтық пен міндеттемелердің орындалуын талап еттім. Ал қоғам назарын «қызғаныш», «жеке қатынас», «жұбайы» секілді жалған себептерге бұру — манипуляция, шындықтан алыстату. Мен оның жұбайын да, отбасын да танымаймын. Ол мен үшін тек мердігер болатын», — дейді Руслан Берденов.
Ал Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бүгінгі брифингте Руслан Берденовтің қызметте қалу-қалмауы – оның жеке қалауына байланысты шешілетін мәселе екенін жеткізді.
«Азаматтың белгілі бір лауазымда жұмыс істеуі – оның өз қалауына байланысты. Мен әріптестерімнің қандай да бір шешімін немесе ойын түсіндіре алмаймын. Ол – олардың және жоғары тұрған органдардың құзырындағы мәселе. Ол кісі қызметте қалғысы келе ме, әлде кеткісі келе ме – бұл денсаулығына да байланысты болуы мүмкін. Мен бұл тақырыпты онымен талқылаған жоқпын, сондықтан пікір білдіре алмаймын», — дейді ол.
Айта кетейік, бүгін сот залында айыпталушы Ернар Жиембай қылмыстық іс отбасылық жайттан басталғанын жеткізген еді. Оның сөзінше, жәбірленуші әйеліне әлеуметтік желіде «сен әдемісің» деп жазған. Ал кейін арнайы кабинетіне шақырып ары мен намысына тиетін сөз айтып, қызметтен кетуін талап еткен көрінеді.
Ал қала әкімінің орынбасарына қатысты қастандық әрекеті 21 сәуір күні әкімдік ғимараты алдында болған.
Берденов мәлімдеме сот

Оқылып жатыр

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

Жаңалықтар 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Қазіргі кезде полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратын қоршауға алған. Оқиға орнында…

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.