Су тасқыны басталғалы бері 103 105 адам, оның ішінде 37 703 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 10 163 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 810 адам, оның ішінде 3 075 бала орналасты. 9,2 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,8 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Aқтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 4 040 жеке тұрғын үй, 1 155 аула аумағы және 2 037 саяжай үйлері су астында қалуда. Боқсық, Қалқұтан, Есіл, Торғай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Бұланды, Астрахан аудандарының төрт елді мекенінде, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының екі елді мекенінде, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының екі елді мекенінде 850 адам алдын ала эвакуацияланды.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады