«Тағы екі зауыт қайдан шықты?»: Бектенов министрдің баяндамасынан «артық» зауытты байқады
Министр бүгін үкімет отырысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі туралы ақпарат берді
«Менің сұрағым бар. Маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, 35 жаңа зауыт салынады деп еді, ал сіз баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады деп айттыңыз. Тағы 2 зауыт қайдан қосылды?» — деп сұрады Премьер-министр Нысанбаевтан.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев тағы екі зауыттың Астана қаласынан қосылып отырғанын айтты.
«Тағы екеуі Астана қаласынан қосылды. Кешірім сұраймын, кеше баяндамаға қосты. Өткен аптада презентацияға алдын ала беріп қойғанмыз», — дейді Экология министрі.