Түркістан облысының кеденшілері пара алды деген күдікке ілінді
Антикор «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Ведомствода хабарлағандай, олар жүк көліктерінің кеден бекеті арқылы кедергісіз жүріп өтуі үшін тасымалдаушылардан 50- 200 мың теңге сомасында пара алған деп күдіктенеді.