«Тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялық пунктерден шықпаңыздар. Ескерту дабылын алған кезде көршілерді ескертіңіз, мүгедектер мен балаларға көмек беріп, нұсқауларды қатаң сақтаңыз. Киімді, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді, құжаттарды су өткізбейтін пакеттерге алдын-ала салып дайындаңыз. Барлық электр энергиясын тұтынатын техниканы ажыратыңыз, газды өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз, терезелер мен есіктерді жабыңыз», — деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл ОКҚ брифингінде.