Үкімет жаңа ипотекалық бағдарламаны қолға алмақ
Бұл мақсатқа 300 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Бағдарлама Отбасы банкпен бірлесе әзірленеді.
Оған жұмысшы жастар, жас отбасылар, моноқала, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекен тұрғындары қатыса алады.
Бірінші жылы бағдарлама есебінен 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.
Бектенов Ұлттық құрылтайда президент белгілеген тапсырмаларды орындау бойынша кеңес өткізді.