• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Үкіметте «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының даму барысы қаралды

Үкіметте «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының даму барысы қаралды

25 февраля, 2026 Басты тақырып
Фото: Үкімет

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — Премьер-министр Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент қойған міндеттер шеңберінде жүзеге асырылу барысы қаралған жиын өткізді.

Онда Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жобаның биылғы қаңтар айында Павлодар облысы Екібастұз қаласында іске қосылғаннан бергі атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Орталық Азиядағы энергетикалық әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жететін ең ірі кампусты құру жөніндегі «ДӨО алқабы» жобасы бүгінгі таңда қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Үкімет тиісті инфрақұрылымдық және құқықтық жағдайларды жасауда. Атап айтқанда, жалпы ауданы 1,4 мың гектар жер телімі бөлінді. Ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін қосалқы станса сатып алу, сондай-ақ инвесторлар мен жобаға қатысушыларды мемлекеттік қолдаудың қосымша тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құрылатын инфрақұрылымның маңызды элементі халықаралық серіктестерді тартуға арналған Greenfield аймағы болмақ. Сондай-ақ одан әрі кеңейте түсу мүмкіндігі бар 100 МВт-ға дейінгі қуаттар дайындалды. Инфрақұрылым энергия тиімділігі коэффициенті PUE 1.25 болатын Tier III халықаралық стандартына сәйкес келмек.

Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ең ірі hyperscale және BigTech компанияларының талаптарын қанағаттандыру үшін желілік кідіріс 80-нен 57 миллисекундқа дейін төмендетіледі, бұл – негізгі еуропалық трафик алмасу орталықтарымен тең деңгей.

Бұдан әрі есептеу инфрақұрылымын кезең-кезеңмен ұлғайту, әрқайсысы 50 МВт-тан ЖИ-ДӨО-ның төрт кезеңін салу көзделген.

Тұтастай алғанда, «ДӨО алқабын» іске қосу Қазақстанда цифрлық инфрақұрылым мен есептеу қуаттылығының өңірлік орталығын қалыптастыруға, $30 млрд-қа дейін инвестиция тартуға және 500-ден астам жоғары білікті жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға жұмыстың барлық кезеңдерін уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз етуді және қажетті нормативтік шешімдерді қабылдауды жеделдетуді тапсырды.

ДӨО Олжас Бектенов Үкімет

Оқылып жатыр

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024845 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

Астана 26 февраля, 2026

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — Air Astana 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында…

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады

25 февраля, 2026

Атыраулық отбасы ісі: күйеу бала ғана емес, қыз да күдікке ілінді

25 февраля, 2026

Экс-шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен байланысын тексеру керек — Асхат Рахымжанов

25 февраля, 2026

Қарағандыда әскери жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

25 февраля, 2026

Үкіметте «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының даму барысы қаралды

25 февраля, 2026

Олимпиада-2026: 20 ақпанда өтетін жарыс кестесі

20 февраля, 2026

Қазақстанда Конституция күні 15 наурызға ауыстырылуы мүмкін

19 февраля, 2026

Украина мен Ресей келіссөздерінің келесі кезеңі қайда өтуі мүмкін

19 февраля, 2026

Астанада референдумға дейінгі уақыттың кері есеп таблосы іске қосылды

19 февраля, 2026

Қысқы Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың 19 ақпандағы жарыс кестесі

19 февраля, 2026

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

19 февраля, 2026

ҰҚК Ақтөбе облысында прокуратура қызметкерін ұстады

18 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.