Жамбыл облысында 40 келіден астам есірткіні қысқа дайындап қойған шопан ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысында жедел уәкілдер шаруа қожалығының аумағында 40 000 дозадан асатын марихуана тәркіледі. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам Меркі ауданында малшы болып жұмыс жасаған. Күдіктінің айтуынша, ол жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтыну үшін сақтаған.