Қоқыс – қолдануға келмейтін әр түрлі заттың қалдықтары. Бұл өзі қайдан келеді? Соған тоқталайық…
Анаң картоптың қабығын ашып, қоқысқа тастайды. Өйткені жеуге келмейді. Осындай қоқыстарды ас қалдығы дейді. Кез келген зат уақыт өте келе ескіреді, яғни өңін жоғалтады. Мысалы, көйлек созылып, жыртылады. Автомобиль, ұшақ пен ғарыш кемесі ескіріп, бұзылады. Түрлі зат шығаратын өндіріс орындарында қалдық қалады. Баспаханада жарамсыз кітаптарды қоқысқа тастайды.
«Егер жарамдылық мерзіміне дейін бұзылса, қайта жөндеп береміз». Кей заттың сыртына осылай жазылады. Енді бірі ескірмей-ақ бұзылып қалады. Дүкеннен алған ыдысың жолда сынып қалуы мүмкін. Әрине, қоқысқа тастаймыз. Табиғат ас қалдығын қайта қорыта алады. Биологиялық қалдықтар жерде жатып ыдырап, шіриді. Уақыт өте келе жердің бір бөлігіне айналады. Бұл механизм адамның ас қорыту жүйесіне ұқсайды.
Үстелге анаңның рұқсаты-мен алма қойып қой. Біраз уақыттан соң алманың сырты қыртыстанып, дақ басады. Шіру процесі де осылай. Мұндай алманы мүлдем жеуге болмайды. Күзде талдан түсетін жапырақ та биологиялық қалдық. «Жапырақ шіріп кететін болса, неге жинаймыз?» дейсің ғой. Қалада көлік көп болғасын жапырақтың бәрі таза емес. Табиғат лас жапырақты қайта өңдеуі мүмкін. Кейін жерге де, бізге де зияны тиеді. Синтетикалық қалдыққа адамдардың қолымен жасалған пластикалық айна, қағаз, бөтелке жатады. Өкініштісі, табиғат барлық қалдықты қайта өңдей алмайды. Алюминий мен консервідегі банка да осылай.
Қайта өңдеу үшін табиғатқа жүз жыл кетеді. Картон мен қағазды адамдар табиғи материалдан жасайды. Сол үшін табиғат бірнеше айда қағазды жойып жібереді. Ең дәмсіз қоқыс – «айна». Топырақты өте жоғары температурада ысытып, айна жасайды. Әйнек қоқыс мыңдаған жыл бойы жата береді. Ал жеміс-жидек, көкөністің қалдықтары «тәтті» қоқыс. Бір айдан соң алма қабығы жердің бір бөлшегіне айналады. Батарейка «дәмсіз» емес, өте зиян. Шіріген кезде табиғат пен адамға қауіпті қосылыс бөледі. Сол үшін қоқыс жәшікке салуға болмайды. Арнайы батарейка өткізетін жерге берген дұрыс. Дүкеннен алатын полиэтилен пакеттің зияны шексіз. Құрамында синтетика бар. Табиғат пакетті жиырма жылда қайта өңдейді. Жәшікке, унитазға тастауға болмайтын қауіпті сұйықтық болады. Бетін мықтап жауып сақтау керек. Сұйықты ішпек түгіл ұзақ иіскеуге болмайды. Ескі телефон, теледидар мен компьютер қауіпті. Техника тек пластик емес, механика. Кейбір металл зәрлі. Сол үшін ескі техниканы арнайы өткізетін жерге апарған жөн.
Адамдар электрондық градусты өлшемді қолданады. Сынап бар грудусник сынса, өте қауіпті металл. Адамға, жануарға да қауіпті. Егер сындырып алсаң, қоқысқа тастама. Бұрынғы заманда қоқыс таситын көлік болмаған. Адамдар қалдықты қайда тастаған?! Машина, ұшақ, телефон жоқ кезде қоқыстың бәрі «тәтті» болатын. Зауыт жоқ, адамдар табиғаттың бергенін пайдаланды. Ыдысты балшықтан, күректі ағаштан жасап, жерде өскен жеміс пен аң аулап өмір сүрді. Ол уақытта қоқысты жерге көміп, өртеп жіберуге болатын.
Уақыт өте келе адамдар кірпіштен үй тұрғызуды, әйнектен терезе жасауды білді. Қоқыста бірге өсті. Адамдар қоқысқа проблема ретінде қараған жоқ. Қоқыс күн өткен сайын көбейе берді… Қоқыс көп тұрса, адамға қауіпті бактерия бөлінеді. Қалдыққа тышқан үйір. Ал тышқан жұқпалы ауруды таратушы. Сол үшін орта ғасырда адамдар көп ауырып, ерте өмірден өткен екен… Ғылым мен техника дамып жатты. Адамдар кітап жазып, жаңалық ашты. Қаладағы қоқысты шығарып тастайтын болды. Ол уақытта «дәмсіз» қоқыс аз болатын. Соңғы жүз жылда ғылым қарқынды дамыды. Өндіріс өскен сайын қоқыс та өсіп отырды. Қоқыстың көп болғаны соншалық, ғарышқа да апаруға болатын еді. Бірақ бұл қымбат әрі қауіпті.
Күнде қанша пакет қоқыс төгесің? Көпқабатты үйде қанша пәтер барын есептеп, күніне екі пакет қоқыс шығарғанда қанша болатынын әкеңмен бірге есептеп көрсең болады…
Қоқысты алдың, өртедің, бітті! Жоқ, достым, бұлай дұрыс емес. Биологиялық заң бойынша ешнәрсе із-түссіз жоғалып кетпейді. Ағаш өртенсе, ауаға түтіні шығады. Қоқыс өртенсе де солай. Егер барлық қоқысты өртейтін болсақ, біз тұншығамыз. Жерге ас қалдығы мен жапырақты көмуге болады. Пластик пен айнаны көмгенмен пайда жоқ. Үйіндіде орын үнемдеу үшін қоқысты тығыздап жинауға болады. Бірақ бұл проблеманың шешімі емес. Синтетикалық қоқысты қайта өңдеп, екінші өмір сыйлауға болады. Қоқысты жоюдың тиімді жолы осы. Оған көп күш пен еңбек керек.
Қайта өңделген қоқыстан велосипед жасап, түрлі сөмке тігуге болады. Қаламның ұшы мен балалар ойын алаңын жасайды. Әжетхана қағазын жасау қымбат. Қоқыстан жасау арзан. Табиғатты қорғағың келсе, әжетхана қағазының сыртында «қоқыстан» деп жазылады. Жұмыртқа салынған қатты қағаз да қоқыстан алынады. Әйнекті екінші рет өңдеп, құрылыс материалы алынады. Стекловата үйдің жылуын сыртқа шығармайды. Сондай-ақ, түрлі мата, киімдер жасайды. Оған пластикалық қалдықты қайта өңдеп, футболка мен куртка жасайды. Спорттық киім шығаратын фирма теңізге тасталған пластикалық бөтелкеден аяқкиім жасаған.
Металдан жасалатын машина, велосипед, кеме, ыдыс жаңаланбайды. Десе де, металды өте жоғары температурада ерітіп, басқа зат алады. Одан металл өзгермейді, жарамдылық мерзімі жоқ. Қағаз бен картон ағаштың қабық астындағы қатты бөлігінен жасалады. Қағазды жинап, макулатураға өткізеді. Оны бірнеше рет қайта өңдеуге болады.
Бір орында тұрмай, қоқыс теріп жүретін адамды тазалаушы дейді. Олар көшеде, сауда орындарында, мектеп пен ауруханада жүреді. Қоқыс жинайтын көлікті жүргізетін шопыр бар. Ол жоспар бойынша әр нүктеден қоқыс жинайды. Қоқысты көзбен көрмей-ақ не жасауға болатынын білетін мамандар бар. Олар жоспар құрып, қай қоқыстың қайда баратынын шешеді. Жүргізушіге жоспарды логистик құрып береді. Олар қаладан қоқысты қалай алып кетуді шешеді. Адам таза әрі біреуді алдамай жұмыс істесе, еңбегі адал! «Лас» мамандық жоқ. Ауланы қоқыстан тазартып, пайдалы жұмыс істеп жүрген адамдар құрметке лайық.
Мұнайды «жердің қаны» деп атайды. Қара май секілді жердің түбінде жатыр. Мұнайдан автомобиль, ұшақ пен кемеге жанармай алынады, пластик жасалады. Өкініштісі, мұнай қайта өңделмейтін табиғат ресурсына жатады. Ол бір күні таусылады. Біз мұнай жоқ болса да өмір сүруді үйренуіміз керек. Қоқысты қайта өңдесек, мұнай ұзақ уақытқа жетеді.
Жақында ғалымдар пластик бөтелкеден жол жасауға болатынын айтты. Әзірге бұл болжам ғана. Таиландта шыны бөтелкеден тұрғызылған шіркеулер көп. Тығыздап жиналған қоқыстан үй, тіпті арал жасауға болады. Мысалы, Жапонияда Одайба деген арал бар. Саяхатшылар бір толастаған емес. Ұлыбританияда қоқыс өңдейтін зауыт бар. Осындай зауыттар барлық жерге қажет. Қоқысты жоюдың бір жолы – қайта өңдеу. Оны дұрыс жинап, дұрыс өңдеу маңызды. Жас дос, қоғамға пайдалы болам десең, қоқыспен күресуді шеш!
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА