• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қансонарда…

Қансонарда…

19 марта, 2024 Қоғам

Моңғолияда өткен Құсбегілер сайысында әлемнің 79 еркек бүркітшісіне шаң қаптырып, небәрі 13 жастағы қазақтың бүркітші қызы Бас жүлдені жеңіп алғанда, дүйім жұрт таң қалған еді…
Қаршадай қазақ қызы Айшолпанның «Бүркітші қыз» деген атының әлемге тез таралуына израил фотографы Ашер Свиденскийдің Моңғолиядағы Бүркітшілер сайысында түсірген жалғыз фотосы себепкер болдаы. Сол фотограф қызық көріп: «Неге көшпенділердің құсбегілері – кілең еркектер, қыз баласына бүркіт салуға болмайды ма?» – деп сұрағанда, бүркітшілер: «Нұрғайыптың бүркітші қызы бар» – деп, жол сілтеп жібереді…
Айшолпан Нұрғайыпқызы – Моңғолия жерінде дүниеге келіп, алты жасынан асау үйретіп, сегіз жасынан түз тағысы – бүркіт баптауды үйренеді.
Жеті атасы құсбегілікпен айналысқан, көзін ашқалы көргені қыран құс болған Айшолпан­ның әңгімесі де айрықша әсерлі, өзгеше қызық: «Бүркітшілік – біздің әулетіміздің ата кәсібі. Қолымыздан бүркіт үзілмепті. Әкем де – құсбегі. Бала күнімнен әкеммен, ағаммен тау-тасқа шығып жүрдім. Кейін ағам әскерге кеткенде, қыраны маған қалды. Әкемнің саятшы достары мен жақындары қарсы болса да, ата-анамның қолдауының арқасында «Бүркітші» екенімді дәлелдеу үшін барлығына шыдап, сайыста қыраным 6 секундта түсіп, рекорд жаңартып, «Бүркітші қыз» болып танылдым.
Түз тағысының мінез-құлқын, болмысын, жаратылысын жетік білу үшін шынайы ықыласты болу керек.
Қыран – адамды еркіндікке, шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді. Қыранды ұстау, баптау, әсіресе, қыс айларында өте жауапты әрі аса қиын. Ақ қар көк мұз 40 градус аязда қолым қатып, қиналғанымды алғаш рет бау ашқан бүркітім ұмыттырып жіберді. Сол қыраныммен қоян, түлкі, қасқыр алдым.
Қыранды екі түрлі әдіспен ұстайды:
– біріншісі – балапанды ұясынан алу,
– екіншісі – тормен ұстау.
Балапан қолға тез үйренеді. Мысалы, мен құсымды – дауысыма үйреттім. Ал, тормен ұстаған қыран қолға оңайлықпен үйренбейді.
Бүркіт төрт айда – бір жас жасайды. Жылына – 3 жас жасайды. Адамның жасымен 60-70 жас жасайды.
Қыран құсты ана жасына келгенде, яғни, 4-5 жасқа толғанда, табиғатқа жіберу керек. Ол кезде қыран аспанға қарап, нешетүрлі дыбыс­тар шығара бастайды.
Бүркіттердің «жар таңдау» ғұрпы – мүлдем қызық: бұл – ептілік пен ерліктің сынағы. Аналық – аталық құсты таңдау үшін тас лақтырады, сол кезде аталық қыран тасты жылдам қағып алуы керек.
Бүркітті қыркүйек айынан, наурыз айына дейін ғана құсқа салады да, одан кейін түлекке отырады…»

* * ***

Жер бетінің 31 елін аралап, күллі әлем таныған әйгілі бүркітші қыз Айшолпан – дүниежүзінің бірнеше өркениетті елдерінен пайдалы шақыртулар түссе де, түнеукүні атажұрты Қазақ Еліне қоныс аударып, Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Бозанбай ауылына табан тіреді.

* * ***

Айшолпан әңгімесін былайша жалғастырды: «Атамекеніме оралу – менің ең басты арманым, мақсатты мұратым еді. Атажұртыма көшіп келіп, Шығыс Қазақстан облысының әкімі ата-анаммен бірге қабылдады. Шығыстың табиғаты – ғажап, өте көркем. Бүркіт ұстауыма өте ыңғайлы.
Қазір өзімді жан-жақты дамыту үшін білімге ден қойып, Алматыдағы Сулеймен Демирел университетінде білім алып жүрмін. Мен моңғол, түрік, ағылшын тілдерін жетік білемін. «Бүркітші Айшолпан» – «Білімді Айшолпан» болса деймін.
Иә, осыдан он жыл бұрынғы бүркітшілер сайысы кезінде мені арнайы іздеп келген фотографпен жөн сұрасқан соң, тасқа шығып, бүркітімді ұстап суретке түстім. Бұған дейін де өзге туристермен талай фотоға түскенмін. Бірақ, айрықша мән бермедім. Дегенмен, арада бір ай өткенде «Бүркітші қыз Айшолпан» болып жарқырап шыға келдім. Шынымды айтсам, мүлдем күтпедім. Содан бастап, біздің ауылымызға туристер ағылып келе бастады…
Америкалық жазушы Лиуза Уэлш мен жайлы «Бүркіт аңшысы» («The Eagle Huntress») атты кітап жазып, Лос-Анджелес қаласында тұсаукесері өтті.
2014 жылы менің қиядағы қыранның ұясынан балапанын алғаным туралы режиссер Отто Белл «Бүркітті бағындырған қыз» («The Eagle Huntress») атты арнайы фильм түсірді. > BAYAZHUMA ASSILBEK: Әлемнің 30 мемлекетінде, Лондон, Нью-Иорк, Дубай, Токио, Сидней қалаларында көрсетіліп, көпшілік көңілінен шыққан «Бүркітті бағындырған қыз» («The Eagle Huntress») фильмі 2015 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
2018 жылы мен Нью-Йорк қаласын «Азия ойындарының оғланы» («Asia Game Changer») сыйлығын иелендім. Бұл сыйлық Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталады.
Өзім жайлы «Бүркітті бағындырған қыз» («The Eagle Huntress») атты туындының негізінде – әкенің тәлім-тәрбиесі, қазақтың салт-дәстүрі, көшпенділердің өмірі жатыр. Қарапайым күнделікті өмірімізді көрсетті. Фильм барысында маған қыранның балапанын алу керек болды. Әкем белімнен екі арқан байлап, 18 метр қиядағы бүркіттің ұясына түсірді. Бүркіт ұясын кісі аяғы жетпейтін жолы ауыр қиын құзға салады. Маған бүркіттің ұясына түсу – өте қиынға соқты. «Енесі келіп қала ма» деп, қатты қорықтым. Әкем төменнен дауыстап, айқайлап тұрды. Қиядан құласаң, тірі қалу – неғайбыл. Бірақ, мен балапанды алып шықтым…»

* * ***

Өкініштісі, бүркітші, аңшы Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы түсіріліп, әлемнің 30 мемлекеті мен ірі қалаларында көрсетілген туынды – Қазақстанда әлі көрсетілген жоқ. Адамзатты тамсандырған Айшолпан жайлы фильм еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетіндігіне сенеміз.
Айшолпан айтады: «Мен «Бүркітші қыз» болып әлемге танылғаннан кейін Моңғолияда бұрын-соңды кездеспеген құбылыс пайда болды, небәрі екі жыл көлемінде 15 бүркітші қыз шықты.
Балаларға арнап, бүркіт жайлы кітап жаза бастадым… Өзім жайлы киноны жеке оқу орындарында, театрда көрсетіп жүрмін.
Қазақстанда ішкі туризм айтарлықтай дамымаған; ішкі туризм дамыса, сыртқа туризм өздігінен дамиды.
Біз Бозанбай ауылында ұлттық өнерді ұлықтап, Бүркітшілер одағын құруды жоспар­лап отырмыз. Келген туристерге де қазақтың ата кәсібін үйретеміз. Өткенде облыс әкімі әкеме нұсқаулық кітап жазуды тапсырды. Қазір кітап жазылып жатыр. Негізінен, туризмді дамытуға бағыттаймыз. Мақсатымыз – әлемге қазақ деген ұлт бар екенін, көшпелі өмірдің әлі күнге дейін сақталғанын дәлелдегіміз келді…»

* * ***

Қаршадайынан түз тағысын қолға үйретіп, әлемге қазақтың атын шығарған бүркітші қыздың қайсарлығына тәнті болмаған адам жоқ… Ақын Абай:
«Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға…» – дейді…
Ғажап көрініс, ғажап өлең…

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА.

Оқылып жатыр

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан…

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025

Алматыда аналарды сәбиін сатуға итермелеген қылмыстық топ қолға түсті

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.