• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында 1 591 бас мал өлген, шығын қалай өтелмек

Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында 1 591 бас мал өлген, шығын қалай өтелмек

4 апреля, 2024 Жаңалықтар

Су тасқыны кезінде Батыс Қазақстан облысында өлген мал саны 1500-ден асты.

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі ауданында Ақсу, Кеңтүбек, Қарағанды, Пугачев, Қаратөбеде Қоржын, Шалғын, Теректіде Аңқаты, Подстепный және Сырымда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті, Қособа ауылдарын су басуына байланысты малға да шығын келді.

«Құтқару жұмыстары барысында 1 431 ірі қара (Ақжайық ауданында – 300, Теректі – 173, Сырым – 447, Бөрлі – 460, Орал қаласы – 51), 2 091 ұсақ мал (Теректі – 319, Сырым – 731, Бөрлі – 955, Орал қаласы – 86) және 33 бас жылқы (Бөрлі – 31, Теректі – 2) қауіпсіз жерлерге шығарылды. Аудандарда құрылған арнайы комиссиялар су тасқынынан өлген мал санын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша облыста су тасқыны салдарынан 139 ірі қара, 39 жылқы, 1 413 қой-ешкі, барлығы 1 591 мал, 112 үй құсы шығынға ұшырады», – деп хабарлады ведомстводан.

Мамандардың сөзіне қарағанда, негізінен тұрғындардың жеке малдары өлген.

БҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нұрқайыр Құсайыновтың айтуынша, су тасқынынан өлген жануарлар жөнінде құжаттар жергілікті әкімдіктерде жинақталады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» № 1358 қаулысына сәйкес зардап шеккендерге келтірілген зиян жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген бюджет қаражаты есебінен немесе ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен өтеледі», – деді Н.Құсайынов.

Аталған қаулыға сәйкес зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға материалдық нұқсанды өтеу туралы өтініш береді. Зардап шеккеннің келтірілген зиянды өтеу туралы жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оның туыстары немесе өзге адамдар, сондай-ақ егер зардап шеккен адам кәмелеттік жасқа толмаған болса, оның заңды өкілдері сенімхат негізінде жүгіне алады. Бұл өтініш он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағалаушының келтірілген нұқсанның мөлшерін бағалауын ұйымдастырады. Бұл ретте бағалау жүргізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстар жергілікті атқарушы органға жүктеледі. Бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды. Зардап шеккендерге төлем тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

«Ең бастысы, зардап шеккен тұрғындар уақыт өткізбей жергілікті атқарушы органға өтінішін беруі керек», – деді Н.Құсайынов.

Айта кетер жайт, қаулыдағы қағида талаптары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де салынған құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге, бағалы киімге, сән-салтанат заттарына не бағалы металдардан жасалған, көркемдік құндылығы бар заттарға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтеуге жататын мүлікке қолданылмайды.

Дереккөз: KAZINFORM

Оқылып жатыр

Ақшаны құмар ойынға жұмсаған: көпбалалы ана бірнеше адамды алдап, 35,4 млн теңге иемденген

Ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақшаны құмар ойынға жұмсаған: көпбалалы ана бірнеше адамды алдап, 35,4 млн теңге иемденген

Жаңалықтар 18 декабря, 2025

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының соты бірнеше рет алаяқтық жасаған көпбалалы анаға қатысты…

Қазақстан-Жапония: Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады

18 декабря, 2025

Ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

18 декабря, 2025

Шымкентте елден тендерге деп ақша жинаған интернет-алаяқ сотталды

18 декабря, 2025

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

17 декабря, 2025

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.