• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанда 90 млн гектар жер деградацияға ұшыраған

Қазақстанда 90 млн гектар жер деградацияға ұшыраған

21 декабря, 2024 Ғылым

Астанада өткен халықаралық конференцияда сарапшылар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуы және ластануы мәселесін талқылады. Ахуалдың ушығуына жол бермеу үшін жиынға қатысушылар бірқатар ұсыныстарды алға тартты. 

Қазақстан өте ауқымды жер ресурстарына ие, бірақ ол жерлерде өте күрделі экологиялық проблемалар туындап отыр. Жерді шаруашылық мақсатында тиімсіз пайдаланудың кесірінен және климаттың өзгеруі салдарынан жер тозып барады. Сарапшылар топырақтың пестицидтермен, ауыр металлдармен бүлінуін, жердің тозуы мен шөлейтке айналып, су балансының бұзылуы сынды проблемалардың барын атап өтті. Оның үстіне жергілікті халықтың пестицидтерді шамадан тыс әрі жөнсіз пайдаланудың кесірі мен зардабы туралы мәліметтерді білмеуі, ақпараттандырудың төмендігі өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Осы тектес экологиялық проблемалар топырақтың құнарына, өнімділігіне кері әсер етіп қана қоймай, түптеп келгенде елдің азық-түлік қауіпсіздігіне және халықтың денсаулығына қатер төндіріп тұр.

Соңғы 20 жыл ішінде шөлейтті аймақтарда жердің деградацияға ұшырауы өте өткір мәселеге айналды деп атап өтті конференцияға қатысушылар.

«Қазіргі таңда ел аумағының 33% яғни, 90 млн гектар жер түрлі формада әбден тозып, құнарынан айырылған. Сондай-ақ, 29 млн гектар жер осы бастан эрозияға шалдығып, ауыл шаруашылығы үшін тиімділігі кеміп, мол өнім бере алмайтын жағдайға жеткен»,- деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитеті басқармасының бас сарапшысы Әлішер Байсейітов.

Оның сөзінше, Қазақстан мал шаруашылығы кеңінен дамыған ел ретінде, тағы бір өзекті мәселеге тап болды. Яғни, елде жайылым алқаптары тозып барады. «Жылдар бойғы геоботаникалық ізденіс мәліметтеріне сүйенсек, елдің біраз аумағында жайылым алқаптарының сапасы төмендеп кеткен. Деградацияға ұшыраған мал өрісі 27,1 млн га, бұл елдегі жайылым жерлердің 15% құрайды»,- деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Сондай ақ, конференцияға қатысушылар 2024 жылы ұсынылған «Топырақты қорғау туралы» Заң жобасына қатысты да ойларын ортаға салды.

«Бізде пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштардың топыраққа әсері өз деңгейінде қадағаланбайды, елге өте көп мөлшерде тыңайтқыштар сырттан тасымалданады, 90 пайызы – импорт. Топырақ одан сайын зардап тартпас үшін, мұның бәрі талап бойынша қатаң бақылауға алынуы тиіс. Қазіргі уақытта минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолданғанымызбен, топырақтың құнарсыздануы жаппай белең алды, бұл өнімділіктің төмендеуіне әкеп соқтыруда. Бірақ, тек химияға сүйеніп, біз өнім сапасын жақсартып, өнімділікті арттыра алмаймыз», — деді конференция аясында журналистердің сұрағына жауап берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов. Заң жобасында алқаптарды ластағаны үшін жер игерушілерді жауапкершілікке тартудың тиімді механизмдері мен жолдары қарастырылған деді халық қалаулысы.

Қазақстанда шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі ББҰ Ковенциясының үйлестірушісі, «ГИПРОЗем» РГП директорының орынбасары Айдос Әбдрахмановтың айтуынша, Қазақстан ФАО мен бірлесіп, деградацияға ұшыраған жерлерді қайта қалпына келтіру, құрғақшылыққа төзімді технологияларды енгізу бойынша және жер ресурстарын тиімді басқарудың әдістерін жетілдіру жолдарын дамыту мақсатында бірқатар жобалар іске асыруда.

«Қазақстан территориясының 11%, шамамен 29 млн га аумақ бүлінген, бұл өнімділікті азайтып, ауыл шаруашылығы әлеуетінің төмендеуіне әкеледі», — деді Айдос Әбдрахманов.

2022 жылдан бері ФАО мен ГЭФ салалық министрліктермен бірлесе «Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін басқару және құрамында ТОЛ бар пестицидтерді жою (GCP/SEC/011/GFF)» жобасын іске асырып келеді. Жоба аясында ескірген пестицидтер сараланып, бірқатар аймақтарда бүлінген аумақтарға экологиялық тұрғыда баға берілді. Сондай-ақ, бүлінген жерлерді сауықтырып ауыл шаруашылығына қайта пайдалану үшін топырақтың құнарын арттыру мақсатында биологиялық және фиторемедиация тәсілімен сынақ өткізілді. ФАО тәжірибесі дәлелдегендей, өзара ықпалдаса отырып, зиянкесерге қарсы әрекет етудің арқасында (IPM) қазақстандық шаруалар пестицидтерді қолдануды 70-80 пайызға дейін азайта алады және қосымша шығынсыз және өнімділік көрсеткішін төмендетпей- ақ экологиялық таза өнімді өндіре алады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты “Жасыл Даму” АҚ тарихи қалдықтарды басқару департаментінің директоры Сәрсенова Анар климаттың өзгеруіне қарсы күресте және биоалуандықты сақтау үшін топырақтың күйін назарға алу өте маңызды деп атап өтті.

«Биоалуандықты сақтауда, суды фильтрлеу және көміртегіні жою мен климаттың өзгеруіне қарсы күресте топырақ аса маңызды рөл ойнайды. Алайда, қазіргі экологиялық ахуалды ескере отырып, қоқыс алаңдарындағы қауіпті қалдықтар мен ауыл шаруашылығы пластиктері мен өзге де антропогенді факторларды есепке ала отыра топырақтың жағдайына біз кең ауқымда назар аударуымыз керек », — деді ол.

Конференцияны Қазақстандағы ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Жаһандық экологиялық қоры ұйымдастырды.

Оқылып жатыр

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024840 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

Әлем 1 февраля, 2026

Астана. 1 ақпан. BM.KZ – Әлемдік нарықта қымбат металдардың бағасы күрт төмендеді. Күміс бір күнде…

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

1 февраля, 2026

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

1 февраля, 2026

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

31 января, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

31 января, 2026

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026

Трамп АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі мен Қаржы министрлігін сотқа берді

31 января, 2026

Елімізде балалардың қауіпсіздігі жасанды интеллектпен бақыланбақ

31 января, 2026

Жаңа Конституция жобасы жарияланды

31 января, 2026

«Богатыр Көмір» жұмысшысы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды

30 января, 2026

ҰБТ-да балл сатқан ақтөбелік мұғалім сотталды

30 января, 2026

Қазақстанда волонтерлердің цифрлық төлқұжаты жасалады

30 января, 2026

Жаңаөзенде жеті баланың анасын күйеуі пышақтап өлтірген

30 января, 2026

Өскеменде ауа сапасының нашарлауы салдарынан оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді

30 января, 2026

ШҚО-да басқарма басшысы 134 млн теңге пара алғаны үшін тұтқындалды

30 января, 2026

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде тыйым салынған «күлкі газын» сатып келген

30 января, 2026

Жұма күні елдегі қай жолдар жабық

30 января, 2026

Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

30 января, 2026

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

29 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.