Куала-Лумпур – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс іске қосылуына
орай қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билігімен кездесу
өткізді.
Куала-Лумпурда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Малайзияның
Азаматтық авиация басқармасының (СААМ) бас директоры Норазман Бин
Махмудпен, сондай-ақ Air Asia X және Malaysia Airlines әуе компанияларының
басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің
қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің
өкілдері қатысты.
Келіссөздер барысында қазақстандық тарап Air Asia және Malaysia
Airlines малайзиялық әуе компанияларының Қазақстан қалаларына ұшу
географиясын кеңейту, оның ішінде «ашық аспан» 5-ші дәрежесін қолдану
мүмкіндігін
кеңейту мәселесі бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация Malaysia Airport Holdings
басшылығының бастамасымен Куала-Лумпур халықаралық әуежайына оның
операциялық қызметіне шолу жасау мақсатында жұмыс сапарымен барды.
Әуежайға сапар барысында жолаушылар ағынын басқару және аэродромға
қызмет көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда Куала-
Лумпур әуежайы әлемнің алпыстан астам әуе компанияларына қызмет көрсетеді,
2023 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 60 миллионнан астам
жолаушыны құрады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің авиациялық билік
органдарының өзара іс-қимылы бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады