• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Астанада «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін» атты ғылыми әдістемелік конференция өтті

Астанада «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін» атты ғылыми әдістемелік конференция өтті

5 апреля, 2024 Басты тақырып

Астанада «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін» атты ғылыми әдістемелік конференция өтті

«Байтақ» жасылдар партиясының бастамасымен еліміздегі су, экология саласының ғалымдарының қатысуымен  су тасқыны  және оның алдын алу шараларын талқылауға арналған ғылыми-сараптамалық кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Қазақ-Британ техникалық университетінің инженерлік геоматика кафедрасының профессоры, PhD доктор жанай сағин, су үнемдеу саласы бойынша халықаралық дәрежедегі сарапшы, профессор Клим Шавкатович Аширяев, Ғылыми-техникалық және экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Абашұлы Абиров қатысты.

Сарапшылар мен «Байтақ» партиясының мүшелері су тасқынына және оның салдарына байланысты мәселелерді неғұрлым тиімді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексін жетілдіру қажеттілігін талқылап өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

Су тасқыны жыл сайын ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіріп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Қолданыстағы Су кодексі климаттың өзгеруіне және басқа да факторларға байланысты қазіргі кезде туындаған сын-қатерлерді толық жауап бере алмайды.

Қазіргі таңда елімізде орын алған жағдайдың су және экология саласында толыққанды реформа керек екенін толық дәлелдеп отыр. Бұл салада біріншіден, су тасқынынан елді-мекендерді қорғау, ағын суды ауылшаруашылық саласына тиімді пайдалану, су инженерлік саласының мамандарын дайындау, болжау және талдау саласына қажетті құрылғыларды сатып алу сынды уақыт күттірмейтін мәселелер ортаға салынды.

Талқыланған мәселелер бойынша қазіргі таңда Мәжілісте қаралып жатқан «Су кодексіне» сарапшылар мен «Байтақ» жасылдар партиясы нақты ұсыныстарын жеткізуді көздеуде. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның басты мақсаты экология мен қоршаған орнаты қорғау, Президенттің су мәселесіндегі саясатын қолдай отырып, экология және табиғи ресурстарды қорғау, су және ирригация министрліктерімен бірлесе отырып нақты жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.

Аталған министрліктер осындай қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың пікірін есепке ала отырып, болашақта еліміздің су тасқыны, суды үнемдеу сынды, суармалы егін, мал шаруашылығы саласындағы су проблемасын түбегейлі шешетін  құнды ұсыныстары негізінде сапалы «Су кодексін» әзірлеуге болатыны хақ.

Ғылыми-сараптамалық кеңестің келесі көшпелі отырысы Қарағанды облысында жалғасады деп күтілуде.

Оқылып жатыр

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді дамытуға туристерге арналған инфрақұрылымның…

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.