- Астанада 22 жастағы бойжеткенді автобус қағып өлтірді
- Жамбыл облысының бірнеше ауылында 4 жылдан бері қылмыс тіркелмеген: бұған ішімдіктің қатысы қандай?
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
Автор: asylbek
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Билал Дурдалының басшылығымен келген шетелдік делегацияны қабылдады. Оның құрамында қорғаныс ведомствосының, Қазақстандағы Түркия Елшілігінің және қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының өкілдері бар. Кездесу барысында тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы қарым-қатынастың аспектілерін талқылады.
Отбасы банкі әзірге бағдарламаның нақты шарттарын атамады. Белгілісі – әлеуметтік осал санаттар, яғни көпбалалы отбасылар, жетімдер мен ерекше қажеттілігі барларға 7%, ал қалғандарына – 9%. Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы – 30 миллион теңге. Қалған аймақтарда – 18 миллион. Астана, Алматы, Шымкент және 17 қалада жаңа үйді алуға рұқсат. 17 қаланың ішінде Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен бар. Қалған елді мекендерде жаңа үйді де, қайталама нарықтағы пәтерді де, жер үйді де алуға болады. Ипотека тек моноқалалар емес, Қазақстанның барлық елді мекендеріне есептеледі.
Қытайда алғаш рет адамға шошқаның бауыры сәтті трансплантацияланды Бауыр жеткіліксіздігімен ауырған науқастың миы ғана өлген. Сол себепті генетикалық түрлендірілген шошқа бауырын салып көрді. Қытай әскери-әуе күштері медициналық университетінің зерттеушілері адамның өз бауырын шошқа органымен біріктіріп, көмекші трансплантация жасады. Өйткені шошқа бауыры адамның бауырын толығымен алмастыра алмайды. Ота нәтижесінде 96 сағат ішінде жаңа органнан қан мен өттің кетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Қытайда бауыр ауруымен 400 миллионға жуық адам ауырады. Қытайлық дәрігерлердің зерттеулері донорлық органдардың жетіспеушілігін жеңілдетіп, ауруды жеңудің жалғыз жолы трансплантация болып табылатын науқастарға көмектесе алады.
Тағы бір сотта жеңіске жеткен Боранбаевқа 679 миллион теңге қайтарылады Апелляциялық сотта жеңіске жеткен кәсіпкерге соманы Астанада үйлер салған құрылыс компаниясы өтеуге міндетті. Іс материалдары бойынша айыпталушы шарт талаптарын бұзған, мерзімін кешіктіріп, жұмысты сапасыз орындаған. Мердігер қарсы талап қоюға тырысқанымен, сот оны қанағаттандырған жоқ.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша:
KAZINFORM – Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қаржы министрі Мәди Такиев айтты. «Елбаңбаны ауыстыруға қатысты мәселе белгілі бір кезеңнен бері талқыланып келе жатқанын жақсы білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда аталған мәселені талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы егер қоғам бұл мәселеге жаппай қолдау білдірсе, онда оны одан ары талқылау қажеттігін айтты. Ол үшін арнаулы комиссия құрылады. Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды», — деді министр. Осы орайда Мәди Такиев елбаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатындығын, қандай қаржы көздерінен қаржыландырылатындығын айтпады. «Алдымен бірінші мәселені шешіп алайық,…
Қазақстанда 18 елді мекенге қала мәртебесі берілуі мүмкін Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты. Елімізде 30 мыңнан аса тұрғыны бар 18 елдімекеннің қала мәртебесін алу мүмкіндігі бар.
Жетісу облысында Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған полицейлер сотталды Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады. Полицияның бұрынғы төрт қызметкеріне жеті адамды азаптау фактісі бойынша үкім шығарды, — делінген хабарламада. Іс барысында экс-полицейлердің 2022 жылдың 5-16 қаңтарында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында азаматтарға тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданғаны дәлелденді. Үш азамат 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Одан бөлек кінәсін толық мойындаған азаматтың 2,5 жылға бас бостандығы шектелді.
Моңғолияда өткен Құсбегілер сайысында әлемнің 79 еркек бүркітшісіне шаң қаптырып, небәрі 13 жастағы қазақтың бүркітші қызы Бас жүлдені жеңіп алғанда, дүйім жұрт таң қалған еді… Қаршадай қазақ қызы Айшолпанның «Бүркітші қыз» деген атының әлемге тез таралуына израил фотографы Ашер Свиденскийдің Моңғолиядағы Бүркітшілер сайысында түсірген жалғыз фотосы себепкер болдаы. Сол фотограф қызық көріп: «Неге көшпенділердің құсбегілері – кілең еркектер, қыз баласына бүркіт салуға болмайды ма?» – деп сұрағанда, бүркітшілер: «Нұрғайыптың бүркітші қызы бар» – деп, жол сілтеп жібереді… Айшолпан Нұрғайыпқызы – Моңғолия жерінде дүниеге келіп, алты жасынан асау үйретіп, сегіз жасынан түз тағысы – бүркіт баптауды үйренеді. Жеті атасы құсбегілікпен айналысқан,…
Шетелден машина әкеліп өз бағасының үстіне тағы сондай баға қосып мініп жүрген көп қазақтың бірімін. 5 300 000 (машина бағасы) +1 300 000 (кедендік баж + куәлік), 870 000 (утильалым) +1 700 000 (бірінші тіркеу).. Барлығы 9 млн: жолымен, анау мынау шығынымен, 5 млн машинасы 10 млн шығып тұр. Бұндай құн төлеу басқа еш бір елде жоқ, көрші өзбектерде болуы мүмкін, бірақ олар өз нарығын өз машиналарымен қамтамасыз етеді, сондықтан осындай саясат жүргізіп отыр. Ал көрші Моңғолия, Қырғызстан сияқты елдерде бұл шаруа біздің теңгемен 500 000 тг көлемінде бітеді дейді. Тіпті өзі машина шығаратын жапонияңызда да шетелден кіретін машинаға бұндай…