Автор: asylbek

Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексініңжобасын әзірлеп, Мәжіліске енгізді. Бұл бірқатар ауқымдыжаңашылдықтарды қамтитын және еліміздің су заңнамасын өзектендіругемүмкіндік беретін іргелі құжат. Қолданыстағы кодекстен бастыайырмашылығы, осыған дейін су — экономикалық пайдаға қол жеткізу құралыретінде ғана қарастырылып келген.Жаңа Су кодексінде су ресурстарын тиімді пайдалануға, су үнемдеутехнологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін қарқынды енгізугебасымдық беріледі. Атап айтқанда, суды қайта пайдалану жүйесі жоқ ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп нысандары жаңа кодекс қолданысқа енгізілгенкүннен бастап екі жылдан кешіктірмей су үнемдеу жүйелерге көшужоспарын ұсынуы тиіс. Сәйкесінше, су үнемдеу технологияларын енгізудеңгейіне байланысты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында төмендетілгентариф пен субсидия түрінде мемлекеттік қолдау қарастырылып отыр.Су саласындағы бұзушылықтар үшін…

Толығырақ

«Жасыл» экономика – бұл экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму мәселелерін біріктіретін тұрақты даму тұжырымдамасының түсіндірмесі. Бұл қоршаған ортаға қысымды азайтуға, табиғи экожүйелерді сақтауға және қалпына келтіруге және табиғи капиталды арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, «жасыл» экономика шаралары теңсіздікті азайтуды, өмір сүру сапасын, еңбек жағдайларын және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды білдіреді. Қаржы институттары, бизнес өкілдері, ел үкіметі, кәсіпкерлер мен тұтынушылар жасыл экономикаға бет бұрып жатыр. Жасыл экономика – соңғы екі онжылдықта пайда болды. Жасыл экономика теориясы үш аксиомаға негізделген. Олар: – шектеулі кеңістікте әсер ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес; – шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыруды талап ету мүмкін емес; – Жер бетіндегі барлық нәрсе…

Толығырақ

Іс-шараға Қазақстанның және шетелдердің жетекші ғалымдары, мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғам, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиынды ашқан Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, заң ғылымының докторы, профессор Ләззат Еркінбаева конференцияның маңыздылығына тоқталып, «Қазақстан Республикасында жайылымдық экожүйелерді қорғау және ұтымды пайдалану мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада жайылымдық ресурстардың жай-күйі, республикадағы жайылымдық жерлердің орасан зор әлеуеті және климаттың жаһандық өзгеруіне, құрғақшылықтың күшеюіне, шөлейттенуге және басқа да жағымсыз салдарға әкеп соқтыратын ауыл шаруашылығына байланысты мәселелер қамтылды. Бұдан әрі спикер жағдайды жақсарту үшін заңнамалық салада қабылданып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталып, «Жайылым туралы» заңның дер…

Толығырақ

Қазақтың жазушы-ақындары, зерттеушілері мен ойшылдары табиғатты суреттеп, түрлі кітап жазды. Сол ойшылдардың қоршаған орта туралы сөздерін ұсынып отырмыз. Дүниенің көрінген не көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Безендірген жердің жүзін Тәңірім шебер, Мейірбандық, дүниеге нұрын төгіп. Анамыздай жер иіп емізгенде, Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер Абай Құнанбаев Дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі – жасыл майса дала, ашық мөлдір аспан, көші-қоны көп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл? Тіршіліктің ішкі-сыртқы жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән нәрсе… Шоқан Уәлиханов Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін…

Толығырақ

Климаттың өзгеруі, жаһандық температураның көтерілуі, мұздықтардың еруі мұхиттардағы судың деңгейін көтеріп жатыр. Климатологтардың болжамы бойынша, алдағы онжылдықта кейбір қалалар жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. Climate Central баяндамасына сәйкес, 2030 жылға қарай әлемдегі кем дегенде 8 әйгілі қала су астында қалады. Олар тіпті планетаның қай аймақтары су астында болатынын бағалау үшін арнайы карта жасады. Бұл карта Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық тобының (IPCC) ақпаратын пайдалана отырып жасалған. Міне, 2030 жылға қарай жартылай немесе толық су астында қалуы мүмкін 8 қала. Амстердам (Нидерланд) Нидерландтағы халықаралық танымал қала Амстердам өзінің көпірлерімен, әдемі табиғатымен танымал. Бұл қаладан басқа Роттердам және Гаага сияқты…

Толығырақ

Сүтқоректілерді, бактерияларды және өсімдіктерді қоса алғанда, 25 000 теңіз жануарларының 90%-ы теңіз температурасының көтерілуіне байланысты жойылып кетуі мүмкін. Халықаралық ғалымдар тобы зерттеу жүргізіп, 2100 жылға қарай қай жануарлардың жойылуы ықтимал екенін анықтады. Жұмыстың мәтінімен BioScience ғылыми журналынан танысуға болады. Зерттеу барысында ғалымдар белгілі бір жануарлар түрінің эндемик санының азаю қарқынын талдады. Нәтижесінде батыс горилласы, қара мүйізтұмсық, бенгал жолбарысы, жабайы есек және бантенг (нағыз бұқалар тұқымының өкілі) ең нашар болып шықты. Айта кетейік, дүниежүзілік мұхиттар 1970 жылдан бері тұрақты түрде жылынып жатыр. Ал 1993 жылдан бастап мұхиттардың жылыну жылдамдығы екі есеге артты. Сонымен қатар теңіз қызу кезеңдері – мұхит бетіндегі қалыптан…

Толығырақ

Осы орайда Астана интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озды ма және Speedtest жаһандық индексінде Қазақстан қандай орын алды деген сауал туындайды. Сонымен Speedtest жаһандық индексі бойынша Астана бес позицияны жоғалтып, әлемдік рейтингте 88-орынға жайғасты. Ақпан айында елордамызда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 45,18 мегаби болды. Ал секундына 55,9 мегабит жылдамдықпен Токио 76-шы орынды иеленді. Алматы қаласы Астананы басып озып, секундына 59,86 мегабит жылдамдықпен 73-орында тұр. Әлемдік рейтингте үздік үштікке мыналар кіреді: Ар-Райян (Катар) – 417,17 Мбит/с; Дубай (БАӘ) – 336,57 Мбит/с; Абу-Даби (БАӘ) – 296,03 Мбит/с. Рейтингтің соңғы, 178-ші орнын Кубаның астанасы Гавана алады. Мұнда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына…

Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2,3 трлн теңгенің игерілуін мониторингке алды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С. Сарқұловтың басшылығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске оқу-ағарту, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ өңір әкімдерінің орынбасарлары мен басқа да уәкілетті органдардың өкілдері қатысты. Жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін қарады. «Жайлы мектеп» жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске…

Толығырақ

Амман, 2024 жылғы 17 наурыз – Иордан Хашимит Корольдігінің Парламентінде Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов пен Иордания Өкілдер палатасының депутаттары – Қазақстан-Иордания парламентаралық достық тобы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Елші А. Тұматов Иордания депутаттарын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен, оның ішінде «Egemen Qazaqstan» газетіне берген үлкен сұхбатында, сондай-ақ 2024 жылғы 7 ақпандағы жаңартылған Үкімет құрамының кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша айтылған институционалдық реформалардың барысымен егжей-тегжейлі таныстырды. Парламентшілерге 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалар туралы деректі фильм ұсынылды. Өз кезегінде Парламент мүшелері Қазақстанның қаңтар дағдарысын еңсеру және қоғамдық-саяси қайта құруларды іске асыру жөніндегі күш-жігеріне жоғары баға беріп, екі мемлекеттің, әсіресе инвестициялық,…

Толығырақ

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Ұлыбританиядағы ғылыми-зерттеу экспедициясы аясында Лондон, Оксфорд және Манчестер қалаларындағы кітапханалар мен архивтерге, ғылыми орталықтарға барды. Мамандар 15 қолжазба мен 500-ге жуық архив құжатының көшірмесін алды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.Манчестер қаласынан табылған құнды қолжазбалардың бірі – шамамен X-XII ғасырларда алғаш түркі тіліне аударылған қасиетті Құран кітабы. Түркі тіліндегі аудармасы Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» тіліне өте жақын. Кітаптың түркі-ислам мәдениеті үшін маңызы зор. Сондай-ақ маңызды қолжазбалардың бірі – араб тілінде библиографиялық бағытта жазылған ортағасырлық еңбек. «Китәб мақалаат әр – Рафииъа фии усул ъилм ат-табииъа» (Табиғат ғылымының негіздері жайлы жоғары мақалалар кітабы) кітабында Әбу…

Толығырақ