• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жаңа су кодесінің артықшылықтары қандай?

Жаңа су кодесінің артықшылықтары қандай?

19 марта, 2024 Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің
жобасын әзірлеп, Мәжіліске енгізді. Бұл бірқатар ауқымды
жаңашылдықтарды қамтитын және еліміздің су заңнамасын өзектендіруге
мүмкіндік беретін іргелі құжат. Қолданыстағы кодекстен басты
айырмашылығы, осыған дейін су — экономикалық пайдаға қол жеткізу құралы
ретінде ғана қарастырылып келген.
Жаңа Су кодексінде су ресурстарын тиімді пайдалануға, су үнемдеу
технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін қарқынды енгізуге
басымдық беріледі. Атап айтқанда, суды қайта пайдалану жүйесі жоқ ауыл
шаруашылығы мен өнеркәсіп нысандары жаңа кодекс қолданысқа енгізілген
күннен бастап екі жылдан кешіктірмей су үнемдеу жүйелерге көшу
жоспарын ұсынуы тиіс. Сәйкесінше, су үнемдеу технологияларын енгізу
деңгейіне байланысты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында төмендетілген
тариф пен субсидия түрінде мемлекеттік қолдау қарастырылып отыр.
Су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік заңнамалық
деңгейде күшейтіледі. Министрлік жанындағы бассейндік инспекцияларға
енді қадағалау функциялары да беріледі. Бұл су объектілерін қорғау
жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауға, оларды өз бетінше
пайдаланумен күресуге, гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыз судың сапасын жақсартуға қойылатын талаптар пайда болды. Ол
эпидемиологиялық, радиациялық және химиялық қатынастарда қауіпсіз
болуы керек. Жаңа кодекске орталықтандырылған сумен жабдықтау
жүйелеріне техникалық аудит тәртібін анықтайтын тармақ қосылды.

Еліміздің су ресурстарын сарқылусыз, ластанусыз және су
объектілерінің бітелуінсіз пайдалануға ерекше назар аударылады. Мысалы,
Каспий теңізінде көмірсутектерді барлаудан немесе өндіруден, сондай-ақ, тұз
және емдік балшық өндіруден басқа жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз
ету үшін су алудың рұқсат етілген көлемі өзен, көл және теңіз экожүйесін
сақтау үшін қажетті өзен ағындарын ескере отырып қайта есептеледі.
Сондай-ақ, су объектілерін қорғау бөліміне сулы-батпақты жерлер мен
мұздықтарды қорғау туралы жеке ережелер енгізілді.
Енді су объектілерінде немесе су қорғау аймақтарында жаңа
құрылыстарды жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ учаскелерді су
қорғау аймақтары мен белдеулеріне енгізілгенге дейін тұрғызылған
құрылыстарды реконструкциялау жұмыстары Су ресурстары және ирригация
министрлігінің бассейндік су инспекцияларымен келісілетін болады.
Еліміздің су саласын климаттың өзгеруіне бейімдеуге жеке тармақ
арналып отыр.
Жаңа кодексте су ресурстарын қорғау және пайдалануда қоғамдық
бақылауға көп көңіл бөлінеді. Енді коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық
бақылау жүргізуге министрліктен аккредитация алу үшін өтініш пен жарғы
көшірмесін ұсынса жеткілікті.
Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мәселесіне жеке бөлім
арналды. Кәсіпорындардың оларды пайдалану және олардың негізінде
қауіпсіздік декларациясы ресімделетін көп факторлы тексеру жүргізу
жауапкершілігі айқындалды.
Кодекстің жекелеген ережелері еліміздің су саласына инвестиция
тартуды ынталандыруды және су ресурстарын қорғау және пайдалану
саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарды
мемлекеттік қолдауды көздейді.
Жаңа Су кодексіндегі осы және өзге де ережелер Қазақстанда су
үнемдеудің жалпыұлттық саясатын қалыптастыру және дамытуға, су

ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелерін шешуге, ирригация жүйесін
жаңғыртуға және басқа да маңызды міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
ҚР Су ресурстары және ирригация

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025325 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.