Автор: asylbek

Оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды. «Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген. Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына сәйкестендірілді», — делінген прокуратураның хабарламасында. Кәсіпкерлік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.

Толығырақ

Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус аударылып қалды Ресей Алтай өлкесі бойынша ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, автобус бүйіріне аударып қалған. Оқиғаға автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалуы себеп болған. Автобуста 56 адам болған — екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала. 7 адам зардап шеккен (жеңіл жарақат, зардап шеккендер арасында балалар жоқ). Барлығын жедел жәрдем қызметкерлері тексерді. Бір адам Славгород ауруханасына жатқызылған. Автобус тек аударылған болмаса, жүріп тұр. Оны жүргізушілер Қазақстанға алып кетті. Ал жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін басқа автобус берілді.

Толығырақ

660 мың қазақстандықты алаяқтар 2 млрд теңгеден астам сомаға алдаған Қаржы негізінен қайырымдылық мақсатта жиналған. Яғни күдіктілер әлеуметтік желіде «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін ақша сұраған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. «Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», — деп ескертеді ведомство.

Толығырақ

Енді қазақстандықтар құмар ойынға қарсы өз бетінше шектеу қоя алады Ол үшін құмар ойынға қатысуды 12 айға дейін ерікті түрде шектеу туралы өтініш беруі керек. Қызметті пайдалану үшін телефоныңызда мобильді қосымша және электронды қолтаңбаңыз болуы тиіс. Бұл барлық лицензиясы бар ойын мекемесіне және букмекерлік кеңсе сайтына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Үкімет жаңа ипотекалық бағдарламаны қолға алмақ Бұл мақсатқа 300 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бағдарлама Отбасы банкпен бірлесе әзірленеді. Оған жұмысшы жастар, жас отбасылар, моноқала, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекен тұрғындары қатыса алады. Бірінші жылы бағдарлама есебінен 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек. Бектенов Ұлттық құрылтайда президент белгілеген тапсырмаларды орындау бойынша кеңес өткізді.

Толығырақ

KAZINFORM – Биыл мемлекеттік шекарадағы 9 өткізу бекетін жаңғыртуға 15,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Көлік министрлігінен мәлім етті. Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің мемлекеттік шекарасында 52 өткізу пункті бар. Оның ішінде: — ЕАЭО-ның Қытай Халық Республикасымен (5), Өзбекстанмен (8) және Түрікменстанмен (1) сыртқы шекарасындағы 14 өткізу пункті. — ЕАЭО-ның ішкі шекарасында, Ресей Федерациясымен (30) және Қырғыз Республикасымен (8) 38 өткізу пункті. Жалпы, ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы өткізу пункттерін қайта құрумен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті айналысады. Министрліктің атап өтуінше, транзиттік әлеуеттің ұлғаюына байланысты қолданыстағы өткізу пункттері адамдар мен көлік ағынын жылдам өткізе алмай отыр. Сондықтан пункттерде кептелістер орын алып жатады.…

Толығырақ

Сыр өңірінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Аймақ халқының басым бөлігі таза ауыз суға қол жеткізіп отыр. Бүгінде облысқа қарасты Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы қалалары орталықтандырылған ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілген.

Толығырақ

KAZINFORM — Елордадағы «Сарыарқа» сауда және ойын-сауық орталығының кинотеатрында Ұлттық кино орталығының қолдауымен Dala cinema компаниясы түсірген «Үміт сәулесі» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Астана қалалық спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Үміт сәулесі» фильмінің басты кейіпкері — Астана қаласының пара спортшысы Ерғали Шамей. Монғолияда туған қандасымыз 18 жасында ата-жұртына біржола қоныс аударып, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортқа бет бұрған. Фото: Астана спорт басқармасы «Ерғали Шамей қазіргі таңда өзінің жауынгерлік болмысы, еңбекқорлығы және спортқа ептілігінің арқасында пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, пара дзюдодан Әлем және пара Азия ойындарының чемпионы атанып үлгерді», — делінген хабарламада. Айта кетелік, парадзюдодан әлем…

Толығырақ

Назарбаев университетінің экс-ректоры қызметінен «саяси қысым көрген соң кеткенін» мәлімдеді Шигео Катсудың айтуынша, университеттегі өзгерістер 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін іле-шала басталған. Катсу «University World News» басылымына берген сұхбатында отставкаға кету себептері туралы айтып, өзіне қарсы шабуылдар ұйымдастырылғанын мәлімдеген. Катсудың айтуынша, университеттің академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұр. Ол былтыр күзде саяси қысымның салдарынан отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Ол әлі де университеттің қамқоршылық кеңесінің мүшесі екенін жеткізген.

Толығырақ

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы аргентиналық компаниядан жеткізілген уран үшін төлемді алуда қиындықтарға тап болды. Бұл туралы компанияның 2023 жылға арналған қаржылық есебінде айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Назарбаев университетінің экс-ректоры қызметінен «саяси қысым көрген соң кеткенін» мәлімдеді Құжатта атап өтілгендей, 2023 жылдың желтоқсанында «Қазатомөнеркәсіп» Аргентинаның атом энергетикасы саласының қажеттіліктері үшін сатып алатын Dioxitek S.A. компаниясына табиғи уран концентратын жеткізді. Қазіргі уақытта Аргентина үкіметі 2023 жылдың 12 желтоқсанына дейін болатын импорттық операцияларға жаңа талаптарды енгізуде, олар үшін төлем Dioxitek S.A.-ға жеткілікті соманы қамтамасыз ететін мемлекеттік бағалы қағаздарды сату арқылы жүзеге асырылуы тиіс. АҚШ долларымен қарызды өтеу үшін. Компания («Қазатомөнеркәсіп» — автордың…

Толығырақ