660 мың қазақстандықты алаяқтар 2 млрд теңгеден астам сомаға алдаған
Қаржы негізінен қайырымдылық мақсатта жиналған.
Яғни күдіктілер әлеуметтік желіде «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін ақша сұраған.
Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
«Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», — деп ескертеді ведомство.