- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
ҚР Денсаулық сақтау министріне 200 төсекке есептелген Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жаңа көпбейінді ауруханасы ұсынылды. Жоба шұғыл медицина, инсульт проблемалары, күрделі акушерлік, полижарақат және трансплантология бойынша 5 республикалық үйлестіру орталығын құруды көздейді. Сонымен қатар, 27 бейіні бар 7 клиникалық орталықты, оның ішінде акушерлік орталығы, нейроорталықты, кардиоорталықты, полижарақат орталығын, ішкі аурулар орталығын, хирургия орталығын және септикалық хирургия орталығын құру жоспарлануда. Жаңа аурухана еліміздің азаматтарына медициналық сараптама мен денсаулық сақтаудың нағыз орталығына айналады. Астана қаласында көпбейінді аурухана салу жөніндегі жобаны іске асыру Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудағы маңызды қадам болып табылады, медициналық көмектің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, халықтың барлық топтары…
Бүгін сағат 16:17-де Тараз қаласының Ұлы дала шағын ауданында суицид туралы хабарлама келіп түсті. Әйел адам шамадан тыс дәрі-дәрмек қабылдаған. Жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы: Сахариев С., Кадыров Ж., Акипбаев А., Капбаров А., Телеубаев Е. Қалмаханов А. альпинистік құралдардың көмегімен 5-қабаттың балконынан 4-қабатқа түсіп есікті ашты. Әйел тірі, бірақ ес-түссіз болды. Құтқарушылар әйелді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Бүгін актриса және қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш кинорежиссер, КСРО кинематографиясының үздігі Дариға Тінәлинаның туғанына – 103 жыл. Актриса әлемдік және кеңестік кино алтын қорының қазақ тіліндегі фильмдерін дубляждауға зор үлес қосты. Дариға Тінәлинаның бұл еңбегі КСРО кезеңінде әдеби қазақ тілінің сақталуы мен дамуына ықпал етті.
17 наурыз – Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы. Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат…
Рудныйда әйелімен ренжіскен 62 жастағы тұрғын аязда үсіп қала жаздады Жанжалдан кейін саяжайға кетпек болған ер адам жолда көлік тоқтатып, діттеген жеріне жетуге тырысқан. Алайда ауа райына байланысты көлік иесі оны жолда түсіріп кеткен. Ер адам 1,5 шақырымды жаяу жүріп өткен, суықтан оның аяқтары тартылған. Аумақты тексеріп жүрген күзетшілер оны байқап қалып, көмекке келген. Олар полиция шақырған. Адасқан ер адамның жұбайы күйеуін құтқарғандарға алғысын айтты.
Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген атақты әнші Пласидо Домингоға ізет көрсетіп, шапан сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Димаш әлемдік даңқты опера әншісіне құрмет көрсетіп жатқан сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих, — деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.…
Қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингте ең үздік 5 дзюдошының қатарына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Жақында ғана Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде күміс медаль иеленген Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингтің көшін бастауға жақын. Ол әлемдік рейтингте алдына италиялық Ассунта Скуттоны, француз Ширин Букли мен жапон Нацуми Цуноданы жіберіп, 5 184 ұпаймен 4-орында тұр. Әбибаның Ташкентте жеңіп алған күміс жүлдесі оның мансабындағы Grand Slam жарысының алғашқы күмісі болса, осы жылғы маусымнан бергі әлемдік додаларда үшінші медалі. Қаңтар айында ол Португалияда өткен Grand Prix және Бакудегі Grand Slam жарысында үшінші орынға ие болды.…
Жүргізуші 24 рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде «Nissan Primera» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталған. Автокөлік бірден айыптұрағына қойылды. Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұдан өзге «Nissan Primera» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 9 наурызға қараған түні Осипенко көшесінде жол-көлік оқиғасы кезінде үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен екен.
Елтаңба ауыстырса ел түзеле ме?.. Құрылтай өтті. Атырауда. Ел басшысы қатысты. Түйткілді айтты. Қазақтың болашағына алаңдаушылық танытты. Насыбай жайлы пікірін білдірді. Бұрын «насыбайды» шалдар атушы еді, қазір жастар атады. Бұрын «насыбайды»аршадан, аққайыңның күлінен дайындаушы еді. Қазір құстың қиынан дайындайды. Несі айтамыз ішкеніміз ірің, жегеніміз желім. Құрылтай өтіп жатыр экранға емес-соткадан қарадым. Сайтан қорапты көрмегелі қай заман? Ток-шоудан шаршаған халық, бетбақтың аудиториясынан бая-ғыда безінген. «Қалаулым», «Қаламаймын», «Тыңдамаймын», «Өреміз», «Көреміз», «Астарлы ақиқат» т.б одан басқа түк жоқ. Сосын баяғы саясат. Күлтөбенің басындағы насыбайын түкіргендердің бәлдуі. Құрылтайда қазақтың жайы сөз болатын шығар деп,тыңдап отыр едім. Аяқ астынан «шаруа шықты» біреу қоңырау шалып жұмысын…
BAIMEDIA медиа холдингінің YouTube арнасында жаңа бағдарлама — «DEP+ ұтады» жобасы. Эфирде еліміздегі барлық деңгейдегі депутаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, оның орындалу ретін сұраймыз. Депутаттардың халыққа берген уәдесін еске салып, сайлаушылардың өмірін жақсартуға бағытталған жұмысымен танысамыз. Алдағы уақытта Сенат, Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын аралап, халық қалаулысы мен қалың бұқара арасында көпір ретінде қалыптасамыз. https://youtu.be/2IUVDDONGxA?si=P7dZpAWGX6JiNov3