Автор: asylbek

KAZINFORM – Қоғамның мәдени-тарихи мұраларға деген ықыласы заман келбетіне тікелей әсер етеді. Мысалы, салауатты тамақтануға көшуге қатысты трендтер тек табиғи ингредиенттер қолданылатын дәстүрлі қазақ тағамдарына деген ықыласты арттырды. Нутрициолог маман Елена Ушанская дәстүрлі тағам Наурызкөже мен құрттың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін айтып берді. Оның айтуынша, Наурызкөжедегі барлық жеті түрлі тағам бір-бірімен жақсы үйлеседі және бірге пайдалы және қоректік өнім болып шығады. «Бұл тағам жоғары биологиялық құндылығымен ерекшеленеді және гиповитаминоздың алдын алу мақсатында барлығына ішуге кеңес беріледі», – дейді Елена Ушанская агенттік тілшісіне берген сұхбатында. Маманның айтуынша, Наурыз көже құрамындағы дәнді дақылдар күш-қуат береді, жүйке жүйесі мен жүректің жұмысына пайдалы әсер…

Толығырақ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді. Шараның негізгі мақсаты – тәртіптік жауапкершілікті қарау процесінің негізгі аспектілерін талқылау, бұзушылықтардың себептерін анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну. Семинар-кеңеске Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдар тәртіптік комиссияларының төрағалары, сондай-ақ олардың кадр қызметінің басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі – мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың 2023 жылғы қызметіне жүргізілген талдау нәтижелерін зерделеу болды. Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік бұзушылықтарымен қатар, олардың жауапкершілігін қарау кезінде тәртіптік комиссиялар тарапынан да заң бұзушылық фактілері орын алғандығы анықталып отыр. Талдау нәтижелеріне сәйкес, тәртіптік жауапкершілікті қарау мәселелері кезіндегі орын алған…

Толығырақ

Бүгін Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Қызмет алушылар күні» өтті. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараттандыру, консультациялық көмек көрсету. Шараға МҚІА және оның Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен әлеуметтік қорғау саласында қызмет алатын азаматтар қатысты. Шара барысында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік…

Толығырақ

KAZINFORM — Ақын Иса Байзақов ұстаған көне домбыра табылды. Аспап ұзақ жылдар бойы тұлғаның туған жерінде сақталып келген. 1942 жылы өнер иесі Ертіс-Баян өңіріне келгенде бұл домбыраны досы Мүпти Ахметовке сыйлапты. Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ақын, әнші-композитор Иса Байзақов ұстаған көне домбыраның тұсауын кесті. «Исаны көзі көргендер дауылпаз, арқасы қозғанда жан баласына бой бермей кететін сұрапыл ақын еді деп еске алысатын ертеректе. Өкінішке қарай, бүгінде әйгілі жерлесімізді көзімен көргендер арамызда өте сирек. Ал оның елге мұра болып қалған аз-маз жәдігерлері музейлерде топтастырылып, ұрпаққа насихатталу үстінде. Келер жылы Иса Байзақовтың туғанына 125…

Толығырақ

Қандастар мәселесі: шешімі мен түйткілдер 1991 жылдары еліміз егемендігін алған жылдары Қазақстаннан өзге ұлттардың өкілдері жаппай өз елдеріне көше бастады. Елдің зауыт, фабрикаларында, ауылшаруашылық саласында жұмыс күші жетіспей қалған кезде сол кездегі Үкімет басының орынбасары Қаратай Тұрысов пен ауылшаруашылық министрі Балташ Тұрсынбаев Монғолия қазақтарына жұмыс күшін тарту туралы шешім қабылдайды. Осы шешімге сәйкес Монғол Үкіметінің келісімімен қазақтар жаппай Талдықорған облысындағы ауылдарға қоныстана бастады. Елдің ахуалы күннен күнге нашарлап, экономикасы тоқыраудың алдында тұрған елге шеттегі қазақтардың, ағайын, бауырлардың жаппай қоныстануы жаңа серпін берді десек артық айтқандық емес. Сол көшпен бірге мыңдаған ауылшаруашылық, техника және технология, энергетика, медицина, ғылым мен білім саласының…

Толығырақ

Іздеуде болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Андрей Хазбулатов Аргентинада ұсталды. Өткен жылдың жазында ол 196 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденді деген күдікке ілінген еді. Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Хазбулатовқа халықаралық іздеу жариялады. Ол 2014-2019 жылдары мәдениет және спорт министрлігінің құрылымында жұмыс істеді

Толығырақ

«Мәселе тек қомақты ақшамен шешіледі»: Халық пен кәсіпкерлердің Көлсайдағы дауы неге тығырыққа тіреліп тұр Алматы облысы Көлсай көліндегі мәселе бойынша жергілікті халық пен кәсіпкерлер өзара келісе алмай, даудың түйіні шешілмей тұр. Бір қарасаң, екі тараптың да аргументінің салмағы бар. Бірі көл мен жердің, экологияның ахуалын алға тартса, екіншісі мемлекет билігі жиі айта беретін туризмнің тізгінін ұстағандар. Бұл дауға не себеп болды? Әрі оны реттеудің неге жолы табылмай тұр? Жергілікті халықты кәсіпкерлермен тірестіріп қойған биліктегі кімдер? Qaz365.kz тілшісі осы мәселеге үңіліп көрді. Халық неге наразы? Саты ауылының тұрғындары «Көлсайдағы қонақ үйлерде кәріз жүйесі жоқ, су жерге ағып жатыр» деп дабыл қағады.…

Толығырақ

Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының аумағында бопсалаумен айналысқан оқу орындарының бірінің студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер күш көрсетіп қорқытып, Ақтөбе қаласында колледж студентінен ірі көлемде ақша бопсалаған. Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақшалай қаражатты алғаннан кейін ұсталды. Топ болып жасалған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мүндай қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ұсталғандар кінәсін мойындап, тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Толығырақ

Қытайда Астанада ЖРК жобасын қаржыландырған мемлекеттік банктің топ-менеджерлері тергеуге алынды ҚХР Мемлекеттік даму банкінің топ-менеджерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы іс бойынша тергеуге алынды. Қытайдың қаржы ұйымы Астана жеңіл рельсті көлігінің (ЛРТ) танымал жобасын қаржыландыруға қаражат бөлді, деп хабарлайды Orda.kz. ҚХР прокуратурасы Қытайдың Мемлекеттік даму банкінің бұрынғы вице-президенттері Ли Цзипинге, Ван Юншэнге және Чжоу Цинъюйге сыбайлас жемқорлық бойынша айып тақты.

Толығырақ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. Колледждерге қатысты қазіргі жағдай мен білім беру ұйымдарын мамандандыру аясында атқарылатын шаралар туралы оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева баяндады. Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр. Олардың 70%-ға жуығы тегін оқуда. Салалық ведомство оқу орындарының жұмысына сараптама жүргізіп, орналасқан жері мен өңірдің еңбек нарығы сұранысына сай мамандандыру шараларын қолға алмақ. «Сараптама бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бірдей мамандықтар оқытылатынын көрсеткен. Ең көбі Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы сапаны бақылау аясында контингенті төмен…

Толығырақ