• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қандастар мәселесі: шешімі мен түйткілдер

Қандастар мәселесі: шешімі мен түйткілдер

16 марта, 2024 Қоғам

Қандастар мәселесі: шешімі мен түйткілдер

1991 жылдары еліміз егемендігін алған жылдары Қазақстаннан өзге ұлттардың өкілдері жаппай өз елдеріне көше бастады. Елдің зауыт, фабрикаларында, ауылшаруашылық саласында жұмыс күші жетіспей қалған кезде сол кездегі Үкімет басының орынбасары Қаратай Тұрысов пен ауылшаруашылық министрі Балташ Тұрсынбаев Монғолия қазақтарына жұмыс күшін тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы шешімге сәйкес Монғол Үкіметінің келісімімен қазақтар жаппай Талдықорған облысындағы ауылдарға қоныстана бастады. Елдің ахуалы күннен күнге нашарлап, экономикасы тоқыраудың алдында тұрған елге шеттегі қазақтардың, ағайын, бауырлардың жаппай қоныстануы жаңа серпін берді десек артық айтқандық емес.

Сол көшпен бірге мыңдаған ауылшаруашылық, техника және технология, энергетика, медицина, ғылым мен білім саласының мамандары да келді. «Өзгенің елінде ұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген қағидатты қатаң ұстанған қазақ ағайындар елмен қатар қоңыр күн кешіп, еліміздің аяғынан нық тұруына аянбай еңбек етті.

Кейіннен Қазақстан Үкіметі «Басқа рес­пуб­ли­калардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қа­зақ­станда қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» арнайы 711-ші қаулы қа­былдады. Оралман деген статус беріп, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығын құрды. Әлемнің түкпір-түкіпірнде шашырап кеткен 5 миллионнан астам қазақтың басын қосу үшін ұран тастады. Еларалық комиссиялар нәтижелі жұмыс жасап Моңғолия, Қытай, Ауған, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей мен Тәжістаннан қазақтардың көші ағылып келіп жатты.

Тәуел­сіздіктің 30 жы­лын­­да Қазақ­станға сырттан 1 084 692 қандас-қазақ көшіп ке­ліп­­ті. Бұлардың ішінде ең көбі Өз­бекстаннан келген қандастар саны – 542 658 адамды құраса, келесі орынға Қытай Халық Рес­пуб­­ликасынан көшіп келген 355 501 қандасымыз ие болып отыр, одан кейін Түрікмен то­пы­рағынан қоныс аударған 74 706 қан­дасымыз үздік үштікті түйіндепті.

Бұлардың сыртында Моңғолиядан 55 937 адам, Ресейден 16 816 адам, Ауған­станнан 13 330 адам, Иран­нан 8 645 адам, Қырғыз Республикасынан 7 372 адам, басқа елдерден 9637 адам тәуел­сіз­дік жылдары ата­жұр­тына оралған екен. Нақ­тырақ айтсақ, шеттен оралған қан­дастар еліміздегі қазақ ұлтының 12%-ын құрайды. Қазіргі таңда екінші ұрпақ өсіп жетіліп, білім алып еліміздің барлық салаларында өздерін көрсетіп, елінің, ұлтының атын шығаруда.

Дегенмен қандастарды құжаттандыру, оларды қоғамға бейімдеу және тіл мәселесі әлі түйткілді күйде қалып отыр.

Біздің елімізде әлі күнге мемлекеттік органдардың орыс тілінде құжат әзірлейтіні, көшеде орысша сөйлеп кететінін өтірік емес. Өзгенің елінде жүріп қазақтың қоңыр тілін, дәстүр, салтын сақтап келген қазақтар, өз еліне келгенде өгейсініп, өзгенің тілінде шүлдіреуге мәжбүр болып отырғандығы ақиқат.

Бір елден бір елге көшу тұрмақ, бір ауылдан ауылға көшудің өзі қаншалықты қиямет екені аян. Сонау тарихтың ақтандақ жылдарында Алтай асып, Гималайдан өтіп, Үнді мен Пәкістанға жеткен қазақ «Елім-айлап» кеткен еді.

Орыс империясының қысымына шыдамаған қазақтардың жартысына жуығы аштан, атыстан, аурудан көз жұмып, қалған азын аулақ топпен жеткен сол бір қиын замандар артта қалып, еліміз тәуелсіздігін алғанда «Менің Қазақстанымдап» артқа қайтқан бақытты ұрпақтың бірі менмін. Мен сияқты милиион қазақ ата бабамыз аңсап кеткен атажұртқа табан тіреп, еркін өмір сүріп келеді.

«Көш келеді! Ағайын, көш келеді! Қарсы алдынан шық енді өскен елі,
Бауырлармен қауышу оңай ма екен?! –Екі көзден еріксіз жас келеді», деп ақын ағамыз Исраил Сапарбай жырлағандай, тәуелсіздік тарихындағы б­аға жетпес байлықтарымыздың бірі – қазақ көші, яғни Алаш баласы азаттық алған тұста, алыс-жақын шетелде өмір сүріп жат­қан қандастардың атажұртқа оралуы 2015 жылдан бастап баяулай бастады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері Қазақстанға 13569 қандас оралған.

Оның 8547-сі еңбекке жарамды. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап Қазақстанның консулдық қызметтері қандастарымыздың өтініштерін «Бір терезе» қағидаты бойынша қабылдауды бастаған. Қандастарды елге қоныстандырудың жаңа алгоритмі жасалып, 4 санат бойынша жүргізілетін боолады.

Қандастар Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама алған қандастарымызға ғана беріледі деген. Естеріңізде болса Үкімет қандастарды көбінесе солтүстік және орталық Қазақстан аумағына орналастыруды көздеп отыр. Саяси тұрғыдан алғанда бұл да дұрыс шығар.

Алайда, ауа райының қолайсыздығы, жұмыссыздық, қымбатшылық жайлап кеткен бұл өңірлерде қандастарымыз қаншалықты шыдар екен? Демек, «Шыдасаң шыда, шыдамасаң кет» деген позицияны ұстанған сияқты. Қазіргі таңда миграциялық саясат әлем елдерінің басты геосаяси құралдарының бірі. Миллиондаған халық заңды, заңсыз жолдармен, теңізбен де, жермен де АҚШ, Германия т.б елдерге ағылып көшіп жатыр.

Іргедегі көршіміз Ресейде этникалық орыс ұлтының азаматтарын еліне шақырып, азаматтық алу т.б проблемаларын тез шешуді ойластыра бастаған уақытта біздің құзыретті органдарғы лауазымды тұлғалардың қандастар көшіне қасақана қиындықтар туғызып отыруының себебі неде ?

Көшіп келген қандастар арасында қазақтың атын әлемге танытқан Майра Мұхамедқызы, Қанат Ислам т.б сынды жүздеген өнер мен спорт майталмандары шықты.

Қазіргі таңда қандастар журналистика, медицина, білім, ғылым, саясат т.б салаларды жемісті еңбек етіп келеді.

Оның бір дәлелі биылғы жылғы мәжіліс сайлауында үш азаматыз депутат атанса, барлық деңгейдегі мәслихаттарға  2 –дан астам азамат депутаттыққа сайланды.

Әркім өз қолынан келгенше еңбек етіп, ел дамуына үлесін қосып келеді. Ұлаңғайыр даланы сақтап қалу үшін қазақтың саны қалайда көбею керек. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, доцент А.И. Құдайбергенова «Шетелдегі қазақтар. Этникалық қазақтардың қайта оралуы» тақырыбын зерттеудің ерекшеліктері атты еңбегінде қазақ көшіні тарихы жөнінде былай деп баяндайды: «Шетелде қазақ қауымының қалыптасуы тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. 1864 ж. 7 қазанда Шәуешекте Қытай мен Ресей үкімет өкілдері қол қойған «Қытай-Ресей батыс солтүстік шекараны белгілеу келісімі» Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының негізін белгіледі. 10 тараудан тұратын келісімнің 5 тарауында шекара өңіріндегі ежелгі қазақтардың қай мемлекетке қатысты болатындығы белгіленді: «… екі мемлекеттің осы белгілеген шекарасы маңындағы өңірлерде отырған малшылар таласпау үшін, олар осы келісім құжаттар бір-біріне тапсырылған (күшке енген күннен) күннен бастап, олар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған болса, және де сол жерлерінде малдарын бағып отыра берулері керек.

Олар сол ежелгі қоныстарында орнығып отырып, бұрынғы шаруашылықтарымен шұғылдана берулері үшін, жер қайсы мемлекетке бөлінсе онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады» [1, 99-б.], – деп көрсетілген. Қазақ жерінің Қытайға караған өңірінде отырған қазақтар Қытай Чин патшалығына тәуелді болды да, жері патшалық Ресейдің қарамағында қалған бөлігіндегі отырған қазақтар Ресей мемлекетіне жерлерімен бірге бағынатын  болды.

Осылайша, Қытайда  қазақ қауымынын қалыптасқандығы аталған келісім арқылы заңдастырылды. Екі елдің билігіне бөлінген біртұтас халық шекаралық асу-соқпақтар арқылы бір-біріне көші-қонын үзген жоқ.

Екі империяның шекараларын нақтылауы кезінде басталған шетелдік қазақ қауымының қалыптасу тарихы біздің зерттеуіміздегі назар аударатын мәселенің бірі болып табылады. ХХ ғасырдағы саяси жағдайлар қазақтарды тарих соқпақтарымен тағы да әуре-сарсаңға салды.

1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті жазалау шараларынан қашқан қазақтардың көші-қоны кеңестік дәуірде өршіген қазақтардың сыртқа көші-қонының бастамасы болды. 1917-1918 жж. Түркістан Республикасындағы, 1921-1922 жж., 1929-1933 жж.

Қазақстандағы  ашаршылықтар және т.б. саяси-экономикалық және демографиялық катаклизмдер нәтижесінде қазақтар жан сауғалап көрші елдер мен республикаларға кетуге мәжбүр болды.

Олар шетелдерге өту кезінде қырғынға ұшырап, орныға алмай, басқа елге асып, қалыптаса бастаған қазақтардың қатарына қосылып қазіргі шетелдегі қазақ қауымының негізін қалады» дейді.

Міне, нағыз тарихи шындық осы. Бұған дейін қаншама дүдәмал, ақылға сыймайтын «қашқындар», «босқындар» сынды ел ішінде тарап жүрген әңгімеге ғалым А.Құдайбергенов нақты жауап беріп отыр.

Елдің экономикасы тұрақталып, инфляция мен дағдарыстан есін жия бастаған кезде қазақ көшін қайта жаңғырту керек. Миграциялық жаңару нәтижесінде қазақтың саны көбейіп, ұлттық болмысы нығайып, қазақтың тілі өркендейді. Дегенмен қазіргі таңда қандастар мәселесімен жүйелі айналысып отырған нақты бір мемлекеттік мекеме жоқ.

Әркім көрпесін өзіне қарай тартады. Мысалға алсақ, кезінде Дүниежүзі қазақтар қауымдастығын қаржыландыру үшін құрылған «Отандастар» қоры Сыртқы істер министрлігінің қарамағына өтіп, ел аралап, конференция, тұсаукесер, кіші құрылтайлар өткізіп кетсе, Дүниежүзілік қазақтар қауымдасатығы тура сондай жұмыстарды атқарып жүр.

«Бас басына би болған өңкей қиқым» деп Абай атамыз жырлағандай елдің есін шығарып «мәдени байланыс» орнатып жүрген мұндай қоғамдық ұйымдардан гөрі, көшіп келген қандасты елге бейімделуіне, тіл үйренуіне, оқуына, жұмысқа тұруына, бизнеске үйренуіне, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайтын орталық керек. Қазіргі таңда қандастар мәселесімен Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, «Отандастар» қоры, «Дниежүзілік қазақтар қауымдастығы сынды түрлі мекемелер айналысып кетті. Бұдан шығар нәтиже болар ма екен?

Одан да осы функциялардың барлығын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына беріп, «Қандастарды қолдау және құжаттандыру, бейімдеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін құрған баяғыда тиімді сияқты.

Ал шетел қазақтарымен мәдени, әдеби байланыс ешқашан үзілген емес. Онымен айналысатын елімізде Мәдениет және спорт министрлігі бар.

Жүйелі жұмыс, өзара келісіммен жасалса ғана нәтиже болар сөзсіз. Барын тастап, бала-шағасын алып, атамекенім деп аңсап жеткен қазақты кеудеден итеріп, жан-жаққа тартқылап шырылдатпай, көші қон саласындлағы мемлекеттік саясатты бір жүйеге келтірсе деген үмітімз бар.

 

Асылбек Байжұмаұлы

Оқылып жатыр

Бас прокуратура әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алу себептерін тексереді

Алматыдағы балалар үйінде болған өрттен кейін тәрбиеленушілер сауықтыру санаторийіне орналастырылды

Астана тұрғыны LRT вагонының ішін көрсетіп, видео жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Ақорда 11 ноября, 2025

Астана. 11 қараша. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік…

Қазақстанның Бахрейн мен Конгодағы елшілері тағайындалды

11 ноября, 2025

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектерді сатқандарға қатаң шара қолданылады

11 ноября, 2025

Бельгияда TRUMP атты саяси партия құрылды

11 ноября, 2025

Бас прокуратура әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алу себептерін тексереді

11 ноября, 2025

2025 жылғы Букер сыйлығын жазушы Дэвид Салей жеңіп алды

11 ноября, 2025

Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты

11 ноября, 2025

Қазіргі әлемдегі қарма-қайшылықтарды Мәскеудің қатысуынсыз еңсеру мүмкін емес – Қазақстан Президенті

11 ноября, 2025

Алматыда көліктерді заңсыз тіркеу ісі бойынша үш адам сотталды

11 ноября, 2025

Науқастарға көрсетілетін көмектің қысқаруы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – Денсаулық сақтау министрлігі

11 ноября, 2025

Алматыда ер адам әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін қамауға алынды

11 ноября, 2025

Freedom Holding Қазақстанда 2 миллиард долларлық «тәуелсіз» жасанды интеллект орталығын салады

11 ноября, 2025

Президент әскерде қаза тапқан сарбаздарға қатысты істе заңның сақталуын қадағалауды тапсырды

11 ноября, 2025

Заңсыз айналымнан 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді

10 ноября, 2025

Президент 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады

10 ноября, 2025

Жамбыл облысында жасөспірімнің денесі табылды

10 ноября, 2025

«СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеу аяқталды

10 ноября, 2025

Президент Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

10 ноября, 2025

Алматыдағы балалар үйінде болған өрттен кейін тәрбиеленушілер сауықтыру санаторийіне орналастырылды

10 ноября, 2025

СҚО-да ветеринариялық қауіпсіздік саласында өрескел заң бұзушылықтар анықталды

10 ноября, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.