- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Елордада бірқатар тұрғын үй кешені газдан ажыратылатыны рас па? Әлеуметтік желілерде «Qazaq Zhylu» ЖШС биылғы жылдың 18 наурызы сағат 10.00-ден бастап «Family Town», «Будапешт», «Куршевель» және «Cosmic City» тұрғын үй кешендерін газбен жабдықтауын тоқтататыны туралы хабарлама тарады. Астана қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқандарға шара қолданылатынын атап өтті. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және ешқандай өшіру болмайды. «Qazaq Zhylu» компаниясына қатысты негізсіз ақпарат таратуға тырысқан тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ тариф сол деңгейде қалатынын еске саламыз. Бұдан бөлек, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ұлттық газ тарату мекемесі аталған тұрғын үй кешендерін қолданыстағы инфрақұрылым бойынша газбен қамтамасыз…
KAZINFORM – Ақтауда теңіз жағалауындағы су бетінде байқалған даққа қатысты Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары болжамын жариялады. Бірнеше күн бұрын Ақтауда теңіз жағалауы аумағынан 14 шақырым жерде, екіншісі Қызылқұм жағалауынан 48 шақырым жерде дақ белгілері байқалғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Департамент мамандары теңізде бірнеше күдікті дақ пайда болғаны туралы хабарлама түскен соң дереу жұмысқа кіріскенін айтты. «Аталған оқиға бойынша еліміздің ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы департаменті көмегімен Маңғыстау облысы экология департаментінің мамандары шолу және судан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Көрсетілген орыннан радиусы 5-6 шақырым аумақты қосымша шолу жұмыстары жалғасып, ешқандай күндікті дақ табылмады. Сынама нәтижесіне сәйкес теңіздің фондық жағдайынан асып…
«Тек ақпараттық технологияның пайдалы жағын алып, зиянды жағынан сақ болған жөн. Ашығын айтсақ, интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Бұл – өкінішке қарай, ақиқат. Балалар түгілі, ата-аналар да әлеуметтік желідегі мағынасыз контентке тым әуес. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Өз кезегінде Президент депутаттардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдайтынын жеткізді.
Қызылордада бассейнге батып кете жаздаған жасөспірім құтқарылды Оны құтқарған – облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тереңдігі 3 метр жерде тұншығып, суға бата бастаған жасөспірімді ешкім байқамаған. Соңғы сәтте 17 жастағы жасөспірімді сол маңда отбасымен бірге демалып жүрген 8 баланың әкесі Есенкелдиев байқап қалып, құтқарған.
Екі оқушы өлілер тізімінде болған Ал қайтыс болған бала тірі болып есептелген. Мұндай фактілерді Абай облысының прокуратурасы анықтады. 16 жасар жасөспірім мектептің орнына 5 жыл бойы медреседе білім алған. 9 жасар бала мектепке үш жыл бойы бармаған. Қазір ол бірінші сыныпқа қабылданды.
« Астана қаласында Наурыз мейрамының «Қайырымдылық» күні қарсаңында «Көзімнің қарасы» атты Қазақстандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өтті. Бірлестікті «Көзімнің қарасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Мирас-А» ҚҚ құрылтайшысы, актер, сценарист Серік Жүзбай басқарады. Қазіргі таңда бірлестік барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандарды тіркеп, ерекше қабілеттерін ашып, кеңседе сурет салу, вокал, шаштараз, тігін, массажға үйретуде. Сондай-ақ тегін психолог пен заңгерлердің кеңесін тегін алу жолы да қарастырылған. Қоғамдық бірлестіктің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың ерекше мүмкіндіктерін ашу, инклюзиялық орта қалыптастару, арман мақсаттарының орындалуына мүмкіндік жасау және болашаққа сенім артып кәсіпкерлікке баулып, жұмыс орындарын тауып беру мен шет мемлекеттермен тәжірбие алмасу шараларын жүзеге асыру. Елімізде…
Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады – Президент «Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет», — деп атап өтті Президент.
Президент келесі Ұлттық құрылтайды Көкшетауда өткізуді ұсынды «Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын», — деді Тоқаев.
Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихи шындықтың сақталғанын қалайды – Тоқаев Президент ол туралы тарихи және әскери тақырыптағы алып-қашпа аңыз әңгімелер көбейе түскенін атап өтті. «Қазақстан адамзат жылнамасындағы ең қанды қасап туралы шынайы көзқарастың сақталғанын қалайды», — деді Тоқаев. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындықты қазірден бастауымыз керек екенін айтты президент.
Президент тұмшаланып жүретін адамдарға қатысты ойын білдірді. «Радикалды неофиттар халқымыздың салтында жоқ киім үлгілері арқылы да жат діни идеалдарды қоғамға таңуға тырысып жүр. Бұл біздің дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл екені анық», — деді Тоқаев. Айтуынша, деструктивті насихаттарға балалар да ілесіп кетіп жүр. Батыстың, я болмаса басқа да көзқарас иелерінің ықпалымен төл мәдениетімізге жат әрі әлемнің дуалистік негізіне кереғар құндылықтарды насихаттаушылардың жетегіне еріп кете алмаймыз, кетпейміз де, деді президент.