Автор: asylbek

Министр жұмысқа шақырды: Оралда тұрғын министрге орташа жалақының 10 жылда төмендеп кеткенін есептеп берді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде жергілікті Арман Қалиев есімді тұрғын еліміздің экономикалық жағдайын жіпке тізгендей етіп айтып берді. Оның есебіне риза болған министр тіпті жұмысқа шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Менің жасым 38-де. Өмір бойы осы Оралда қаласында тұрамын. Өз басым Қазақстан әлеуметтік жағдайын білемін. Яғни бізде өндірістің жоқтың қасы. Бұл жалғыз Батыс Қазақстан облысына ғана емес, түгел Қазақстанға тән құбылыс. Бұл жерде ұсақ компанияларды есепке алып отырған жоқпын. Олар бәрібір шикізатты шеттен әкеледі. Экономиканың сервистік моделі деген…

Толығырақ

Қазақстандықтардың жалақысына 185 мың теңге үстемеақы мен 1 жылдық демалыс беріледі Елде ғалымдардың жағдайы күрт жақсартылады. Мемлекет университеттерге 29,1 триллион теңге шығындамақ. «Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру бекітіліп отыр. Мысалы, доктор PhD, ғылым кандидаты бүгінде ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңгеге жуық үстемақы алса, енді оған қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың теңгеге жуық үстемақы, яғни жалпы алғанда 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алатын болады. Ал енді ол ғылым докторы болса және қазіргі уақытта өз жалақысына 130 мың теңгеге жуық үстемақы алып…

Толығырақ

KAZINFORM – Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогында қазақстандық спортшы Данил Васильев жеңіс тұғырынан көрінді. Туризм және Спорт министрлігінің хабарлауынша, бұл – шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға табан тіреді. FIS кубогы 1-орын – Қазақстан — Данил Васильев — 249.4 ұпай 2-орын – Германия — Мартин Хамам — 247.5 ұпай 3-орын – Австрия — Ульрих Волгенант — 246.5 ұпай Аталған додаға 13 елден 78 спортшы қатысып жатыр. Жарыс бүгін аяқталады.

Толығырақ

Балаларға ораза ұстау міндет пе? Қасиетті Рамазан айы басталғанда жыл сайын қоғамда дәл осы тақырып қызу талқыланады. Жұрттың бір легі ұл-қызының ауыз бекіткенін құп көрсе, екінші тарап қарсылық танытады. Бұл мәселеге қатысты Stan.kz ақпарат агенттігіне имам мен аудармашы жауап берді. Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлының айтуынша, шариғатта ораза балиғатқа толған кісілерге міндеттеледі. «Балиғат жасы қыз балада да, ер балада да – 14-15 жас. Балиғатқа толмаған балаға шариғат ораза ұстау парыз емес. Өйткені адамдар діни сауатсыздықтан балаларына міндеттеп жатады. Денсаулығы жақсы, ауырмайтын 10-11-сынып оқушыларына ғана ораза ұстауға біз кеңес береміз, соған үгіт-насихат жасаймыз», – деді наиб имам. Ал құранды орыс…

Толығырақ

Қорғаныс министрлігінің армияда қызмет еткен азаматтарға білім алуға жеңілдіктер беруге бағытталған бастамасы Парламентте мақұлданды.  Бұл ретте депутаттық корпуспен, мемлекеттік органдардың, күш құрылымдары мен жоғары оқу орындарының басшылығымен жүйелі, қажырлы жұмыс жүргізілді. Қорғаныс ведомствосының сарбаздарға квота бөлу жөніндегі бұрынғы жобасын іске асыру жоғары оқу орындарымен оларды оқу орны есебінен оқыту туралы қол жеткізілген уағдаластықтарға негізделгенін айта кетейік. Енді әскерде қызмет еткен азаматтарға берілетін жеңілдіктер заң жүзінде бекітілгеннен кейін оларды оқыту мемлекет есебінен жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын 35 мыңнан астам қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады. Министрліктің бұл жобасы оларға кәсіби мансабын сәтті бастауға негіз бола алады. Аталмыш заңнамалық жаңалықтар «Әскери қызмет…

Толығырақ

Наурыз мерекесінің беделі жоқ па? Сонау 80 жылдардан бері тойланып келе жатқан «Наурыз» мейрамы Қазақстанда жалпыұлттық сипат ала алмағаны артық айтқандық емес. Наурызды  «аш адамға нан бергендей палау мен концерт, киіз үйде отырып ет жеу мен ішу» деп түсінетін шенеуніктеріміз аз емес. Жалпы наурыз мейрамы бұл ұлттық мейрам. Оның артында терең философия мен идеология жатыр. Барлық шығыс елдері тойлайтын наурыздың үлкен қалалар мен облыстарда Президент немесе әкім қатысатын болғандықтан жоғары деңгейде дайындалса аудан, ауылдарда әйтеуір  «өткізе салудың» амалын қарастырады. Мысалға, жаңа жылға 200 млн тенге қаражат бөлген Павлодар облысының әкімдігі наурызға бір тиын да бөлмепті. Бұл туралы белгілі блогер Оңғар…

Толығырақ

Сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеді. Пирамиданың мәніне сәйкес, «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып  артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс, осылайша иерархиялық құрылымда деңгейлер құру болып табылады. Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 млн. теңгеден астам қаражатты құраған. Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра…

Толығырақ

30 жыл бойы қазақты тозақпен қорқытып келдік, енді оны қояуымыз керек – Нұрлан имам «Сіз негізі уағызды жақсы айтасыз. Басқа да имандар сізді көре алмай, сөзді бұрмалады деп жазғырады. Соларды қалай жеңдіңіз», — деген сұрақ қойған.  Ол мұндай имамдарға басқа жұмыспен айналысуға кеңес берді. «Мен ешкімді жеңбеймін. Бұл өмір біреуді жеңуге арналмаған. Мен пендемін. Менен басқа ұстаздарды көбірек тыңдаңыздар. Біз қателесеміз. Қателесіп жүріп, қолымнан келгенді істеп жатырмын. Қателесіп жүріп, намазға тұруға себепші болудамын. Менің қатемді түзейтін ұстаздар көп. Солар түзетіп ала берсін. Бірақ олар менімен әуре болмай-ақ қойсын. Дінмен әуре болсын. Ана жерде былай, мына жерде солай айтқан деп алысудың…

Толығырақ

Бес миллиард теңгеге салынған қоқыс өңдейтін екі зауыттың жұмысы тоқтап тұр – Сенатор Кузиев Сенатор Закиржан Кузиевтің сөзінше, қауіпті және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және кәдеге жарату кезінде қолданылатын технология нормативке сәйкес келмейді. Дегенмен бұл ретте ауқымды бюджет қаржысы игеріліп жатыр. “Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі Орталық Азиядағы ірі зауыт құрылысының Алматыда салынуы бірден-бір маңызды жетістік екені белгілі. Алайда қазір, өкінішке қарай, ол жабылып қалды. Ақтөбе мен Семейде 5 миллиард теңгеге салынған екі жаңа зауыт та тоқтап тұр. Экология министрлігінің қоқыстарды сұрыптаудағы табыс жөніндегі есебі үміт отын жағады, алайда шындықтың ауылы алыста жатыр», – деді сенатор.

Толығырақ

Теміртау қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында әрекетке қабілетсіз адамның конституциялық құқықтарын бұзу фактісін анықтады. 12 жыл ішінде сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлға қамқорлықсыз және мемлекеттік органдардың алаңынан тыс қалғаны анықталды. Әрекетке қабілетсіз тұлғаның құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органның мекенжайына прокурорлық ден қою актісі енгізілді, әрекетке қабілетсіз тұлғаға дереу көмек көрсету туралы органдар бағытталды.

Толығырақ