Автор: asylbek

Алматыда мектеп оқушыларына арналған есірткіні «жасырын белгілеушілерге» қатысты үлгі ретінде сот отырысы Медеу ауданы прокуратурасының бастамасымен сотта ауданның ЖПҚ полиция бөлімшесінің профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдердің және ювеналды полиция бөлімшесі инспекторының қатысуымен көрнекі процесс өткізілді. Сотталушылар «С» синтетикалық есiрткiлердi жасырын белгілеу жолымен одан әрi сату мақсатында аса iрi мөлшерде сақтады деп айыпталуда. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл акция есірткі мәселесіне назар аудару және «жеңіл» ақша табуға ниетті адамдарға ескерту мақсатында ұйымдастырылған. Сот процесі аяқталғаннан кейін прокуратура қызметкерлері профилактикалық әңгімелесу өткізіп, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін заң нормаларын түсіндірді. Алматы қаласының прокуратурасы

Толығырақ

KAZINFORM — Мүмкіндігі бар әрбір мұсылманға өмірінде бір мәрте қажылық жасау – парыз. Умраға барып «кіші қажы» атанып келуді мақсат еткен жандарға жыл он екі ай бойы жолға шығуға мүмкіндік бар. Дінге ден қойғандар арасында қазіргі қасиетті айды құлшылық қаласы Меккеде өткізуді құп көретіндер көп. Ал, үлкен қажылыққа қай айда бару керек? Жалпы, үлкен қажылықтың кішісінен айырмашылғы неде? Бұл жайында Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтен сұрадық. Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform «Қажылық пен умра құлшылығының екеуі бір жерде жасалғанымен, бір-біріне ұқсамайды. Қажылық та, кіші қажылық та Меккеге сапармен басталып, ихрам кию, Қағбаға тауап ету, Сафа мен Маруа жоталары…

Толығырақ

Қазақстан 2023 жылы мұнайдан 42 млрд доллар табыс тапты. Пайда 9,8% -ға төмендеді Бұл қара отын бағасының құлдырауымен байланысты. Қазақстан 2023 жылы мұнайдан 42,3 млрд доллар табыс тапты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8% -ға аз, деп хабарлайды «Геостатистика» арнасы. Қазақстаннан 2023 жылы 70,6 млн тонна мұнай экспортталды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8,3% -ға артық. Бірақ Қазақстан 9,8% аз ақша алды. Мұны мұнай бағасының құлдырауымен байланыстырады. Бұдан басқа, мұнайды негізгі тұтынушы Италия болды, оған барлық жеткізілімдердің үштен бірі — 21,4 млн тонна тиесілі болды. Қара отын да келесі елдерге жеткізілді: � Нидерланды — 5,9 млн тонна; � Қытай — 5,7 млн…

Толығырақ

ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы 2020-2023 жылдар аралығында «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» бағдарламасы шеңберінде NATO № SPS985684 «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды. ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалы биологиялық және физикалық дозиметрия саласындағы әлемдік жетекші ғылыми зерттеу орталықтарымен қатар білікті халықаралық серіктес ретінде бой көрсетті. Ғылыми грантты жүзеге асырудың барлық кезеңіне жобаға ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты Лаура Кенжина жетекшілік етті. Бұл жоба радиациялық, ядролық және төтенше жағдайларға дайындық және ден қою саласындағы ұлттық біліктілікті күшейтуге ықпал етті. Жоба аясында біздің…

Толығырақ

ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2023 жылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) шеңберінде «Сейсмикалық және инфрадыбыстық деректер бойынша Тянь-Шань ауқымды мұздықтарының еру процесін көрсететін мұз сілкіністерінің көрініс табу режиміне климаттық өзгерістердің әсерін бағалау» бойынша жұмысты бастады. Соңғы жылдары әлемде сейсмология саласындағы жаңа зерттеу саласы – криосейсмология қарқынды дамып келеді. Сейсмикалық бақылау жүргізу температура мен басқа да климаттық өзгерістерге байланысты мұздағы әртүрлі процестерді, мұздықтардың қозғалысын, жарықшақтардың белсенділік параметрлерінің өзгеруін қадағалауға мүмкіндік береді. 2023 жылдың соңында Тянь-Шань биіктігіндегі Энгильчек мұздығына жақын сейсмикалық және инфрадыбыстық станциялары орнатылатын жерді таңдау және мұздықтағы процестермен байланысты оқиғаларды тіркеу мүмкіндіктерін зерттеу бойынша алдын ала барлау жұмыстары жүргізілді. Таңдалған учаскелерде далалық…

Толығырақ

ҚР Ұлттық ядролық орталығы ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының реактор отынын сынау зертханасының бастығы Мұхамедов Нұржан Еролұлын 10200 – «Физика ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен құттықтайды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 207 тиісті бұйрығы сайтта жарияланған. Нұржан Мұхамедов өз қызметін 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін Ұлттық ядролық орталықта бастады. 2019 жылдан бастап реактор отынын сынау зертханасын басқарады. Бүгінде жас маманның жетекшілігімен ядролық және термоядролық техниканың конструкциялық материалдарын радиациялық қыздыруды есептік-эксперименттік зерттеу ойдағыдай…

Толығырақ

Айдахо ұлттық зертханасында (INL), Ок-Ридж ұлттық зертханасында (ORNL) және AVANTech компаниясында жұмыс істейтін америкалық әріптестердің қатысуымен ҚР Ұлттық ядролық орталығында ИГР зерттеу реакторының сәулеленген жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын сұйылту және иммобилизациялау жөніндегі технологиялық желінің бір бөлігі болып саналатын қондырғыны құрастыру, теңшеу және тестілеу сәтті орындалды. Естеріңізге сала кетейік, осы реакторды конверсиялау шеңберінде ҚР ҰЯО реактордың сипаттамаларын сақтап қалу және одан әрі жақсарту мақсатында ТБУ-отынындағы жаңа актив аймақтың құрамы мен конфигурациясын оңтайландыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Кәсіпорынның эксперименттік базасында ИГР реакторының бірінші актив аймағының сәулеленген ЖБУ-отынын сұйылту және кәдеге жарату, сондай-ақ осы реактордың жаңа эксперименттік ТБУ-отынын өндіру тәсілдерін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп…

Толығырақ

ҚР Ұлттық ядролық орталығында Францияның Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариатымен ынтымақтастықта SAIGA жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – шапшаң нейтрондардағы франциялық ASTRID реакторының отын жинағының ауыр авария кезіндегі жай-күйін зерделеу. ИГР реакторында жылу бөлетін жинақты ішінара балқытумен бірегей эксперимент өткізуге дайындық жүргізілуде. Арнайы осы эксперимент үшін ҚР ҰЯО күрделі реакторішілік эксперименттік құрылғы мен тұзақты натрий тізбегін әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта жоба аясында бірқатар дайындық іс-шарасы сәтті жүзеге асырылды. Осы жылы тұзақты натрий контурын жасау және оны қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу, реакторішілік эксперименттік құрылғының бөлшектері мен жинақтау бірліктерін дайындау, оны құрастыру жоспарланған. Эксперименттің өзі 2025 жылдың екінші жартысына…

Толығырақ

Қазақстан жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша 5 орында тұр Бұл туралы ДСМ санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева айтты. Адам папилломасы вирусы тез таралады және ол адамдарда обыр ауруларын туғызады. Қазақстан жатыр мойны обыры қатерлі ісігі бойынша 5 орында тұр. Ал әйел адамдар бойынша обыр ауруларының ішінде 2 орында. Жатыр мойны обыры жыл сайын елімізде 1900-ге жуық адамда анықталып отыр. Оның ішінде жылына 600 адам осы аурудан қайтыс болады. Бұл күніне 2 адамды жоғалтамыз деген сөз. Жатыр мойны обырының анықталу жасы — 40 жасты құрап отыр, — дейді ол.

Толығырақ

Шымкентте 100 мыңға жуық кәсіпкер жеңілдік алды Шымкент қаласында соңғы 5 жылда кәсіпкерлікті қолдау шараларының нәтижесінде инвестиция көлемі 3,7 есеге артты. Сондай-ақ жаңадан салынып жатқан «Жұлдыз», «Бозарық» индустриалды аймақтары мен «Сауда-логистика орталығын» кеңейту және «Ауыр металургия» индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Бұл туралы жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдерімен өткен арнайы кездесуде қала әкімі мәлімдеді Ғабит Сыздықбеков Шымкентте көлеңкелі экономикамен күресті күшейту мақсатында бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендету туралы шешім қабылданғанын, жеңілдікпен 90 мыңнан астам кәсіпкер қамтылатынын атап өтті. Кәсіпкерлерді қолдауға қатысты алдыңғы кездесуде көтерілген бірқатар мәселенің шешілгенін, нақтырақ айтқанда, сыйақы ставкаларын субсидиялау мақсатында жергілікті бюджеттен 2 млрд теңгеден…

Толығырақ