• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Үлкен қажылық пен кіші қажылықтың айырмашылығы неде

Үлкен қажылық пен кіші қажылықтың айырмашылығы неде

12 марта, 2024 Қоғам
Kaaba in Mecca Saudi Arabia

KAZINFORM — Мүмкіндігі бар әрбір мұсылманға өмірінде бір мәрте қажылық жасау – парыз. Умраға барып «кіші қажы» атанып келуді мақсат еткен жандарға жыл он екі ай бойы жолға шығуға мүмкіндік бар. Дінге ден қойғандар арасында қазіргі қасиетті айды құлшылық қаласы Меккеде өткізуді құп көретіндер көп. Ал, үлкен қажылыққа қай айда бару керек? Жалпы, үлкен қажылықтың кішісінен айырмашылғы неде? Бұл жайында Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтен сұрадық.

Мекке
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

«Қажылық пен умра құлшылығының екеуі бір жерде жасалғанымен, бір-біріне ұқсамайды. Қажылық та, кіші қажылық та Меккеге сапармен басталып, ихрам кию, Қағбаға тауап ету, Сафа мен Маруа жоталары арасында жүгіру және шаш алу секілді бірқатар діни амалдармен жалғасады. Бұл рәсімдер кіші қажылықпен қатар, үлкен қажылық уақытында да жасалады, дегенмен тек үлкен қажылық кезінде ғана атқарылатын рәсімдер де бар. Мәселен, Мина жазығында бірнеше күнге қалу, Мұздалифада түнеу, Арафа тауында тұру. Кіші қажылықта орындалуы тиіс рәсімдер бірнеше сағат ішінде аяқталады, сондықтан умраны «кіші қажылық» деп атаған. Ал, қажылықтың рәсімдерін толық атқаруға кем дегенде 4 күн, 3 түн өтеді. Қажылық пен кіші қажылықтың тағы бір айырмашылығы – уақыт. Баршаға белгілі, үлкен қажылық тек Зул-Хижжа айында жасалатын болса, кіші қажылықты жылдың кез келген мезгілінде жасауға болады», — деді Мұхамеджан Естеміров.

Мекке
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Мекке
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Сондай-ақ, имам қажылық пен умраның ислам дініндегі орны да әртүрлі болатындығын жеткізді.

Мекке
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

«Қажылық – бес парыздың бірі. Мүмкіндігі бар әрбір мұсылманға өмірінде бір мәрте қажылық жасау міндеттелген. Ал умраға келер болсақ, оны орындау – парыз емес, дегенмен, сүннет амалының қатарына жатады», — деді ол.

Мекке
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Мұхамеджан Естеміров қазіргі таңда кейбір адамдар қажылықты саяхат пен мақтанға айналдырып жібергендігін айтады. Тіпті айына бір рет умраға баруды әдет еткендер де бар екен.

Мекке
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

«Қажылық – саяхат немесе мақтан емес, Құдайдың алдындағы міндетім, құлшылығым, парызым деп білу керек. «Ел мені қажы деп айтсын» деген ниетпен баратындар да бар. Бұл – дұрыс емес. Қажылыққа алдын ала дайындалып, сабақ алып бару керек. Қазір тойларда қажылық сертификатын сыйлайтындар көбейді. Әрине, бұл игілікті іс шығар, дегенмен Меккеге баратын адамды арнайы дайындықтан өткізу керек. Тағы бір айта кетер мәселе, бүгінгі күні умраға 2 апта сайын барып келіп жатқандарды да көріп жүрміз. Кез келген адам қажылыққа бір рет барып келген соң, келесісінде еңбек адамдарын, студенттерді жіберетін болса, үлкен сауапқа кенелер еді. Меккені көрген еңбек адамының жұмысына деген құштарлығы мен Құдайға деген сенімі нығаяды және бұл игілікті істен сертификат сыйлаушы азамат та мол сауапқа кенеледі», — деді Мұхамеджан Естеміров.

Мекке
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Мекке
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Мекке
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.