Алматыда мектеп оқушыларына арналған есірткіні «жасырын белгілеушілерге» қатысты үлгі ретінде сот отырысы
Медеу ауданы прокуратурасының бастамасымен сотта ауданның ЖПҚ полиция бөлімшесінің профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдердің және ювеналды полиция бөлімшесі инспекторының қатысуымен көрнекі процесс өткізілді.
Сотталушылар «С» синтетикалық есiрткiлердi жасырын белгілеу жолымен одан әрi сату мақсатында аса iрi мөлшерде сақтады деп айыпталуда. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл акция есірткі мәселесіне назар аудару және «жеңіл» ақша табуға ниетті адамдарға ескерту мақсатында ұйымдастырылған.
Сот процесі аяқталғаннан кейін прокуратура қызметкерлері профилактикалық әңгімелесу өткізіп, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін заң нормаларын түсіндірді.
Алматы қаласының прокуратурасы