Қазір 8,5 милионнан аса адамның банктер мен микроқаржы ұйымдарына берешегі бар. Тұтынушылық несие портфелі – 9,5 трлн теңгеге жетті. Қарызы барлардың көбі қаржы ұйымдарынан 584 мың теңгеге дейін несие алған. 800 мың адамның берешегі — 5,7 млн теңгеге дейін.
Автор: asylbek
ШҚО-да 20 тонна астығы бар элеватор өртенді Өрт Глубокое ауданының Предгорное ауылында орын алды, элеватордың астықты кептіру бөлімшесі жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы а — 250 шаршы метрді шарпыды. Өртті барлығы 38 адам мен 10 техника жұмылдырып сағат 10:11 өрт сөндірілді.
Каз ТАГ-Алматы облысы және Жетісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) колония бастығы пара алу туралы іс бойынша ұсталды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. «Ағымдағы жылдың 7 наурызында Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша № 57 ҚАЖД мекемесінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды «, — деп хабарлады жұма күні ҚазТАГ редакциясы ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі. Бұған дейін ұсталғаны туралы EGOV.PRESS. «Алматы облысы ҰҚКД қызметкерлері ҚР ІІМ ҚАЖД № 57 мекемесінің бастығы Петр Писаревті пара алған деген күдікпен зинданға қамады. 2023 жылдың қаңтарында мекеме бастығының суға батпайтын орынбасары…
Маңғыстауда 50-ге жуық иттің өлексесін қоқысқа тастай салған Болжам бойынша оқиға Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының маңында болған. Кадрлардан үлкен шұңқырда ит өлекселерінің ашық жатқанын байқауға болады. Бір шұңқырда өлекселермен бірге тірі күшіктер де жатыр. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Мархабаевтың айтуынша, Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының әкімдігімен сөйлескен. Дегенмен елдімекен маңынан иттің өлекселері табылмаған. Әкімдік мамандары ауылда арнайы жою орны барын атады. Қазір тиісті жұмыстар қолға алынып, жағдай бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Салтанатты жиында Мемлекет басшысы «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды. «Ару-Ана» байқауының жеңімпаздары: 1. «Ауыл әйелдерін дамытуға арналған үздік жоба» номинациясы бойынша – Елшібаева Бақытгүл Қазезбайқызы; 2. «Ғылым саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы; 3. «Азаматтық сана-сезімді дамыту бағытындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Ахмеджанова Әлия Серікболқызы; 4. «Ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Михалёва Анастасия Анатольевна; 5. «Агробизнес саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Арқашбаева Ботагөз Махамбетқалиқызы; 6.…
1 сәуірден бастап ЕАЭО елдері импорттық тауарды бақылаудың бірыңғай ережесіне көшеді Жүйе Одаққа мүше елдер үшін импорттық тауарларды бақылау ережелерінің жиынтығы болып табылады. Бұл импорттық тауар айналымының ашықтығын арттырады деп күтілуде.
Қорғаныс министрлігі Украинаға қару-жарақ жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды «БАҚ пен әлеуметтік желіде таралған Қазақстан Украина қарулы күштерінің қажеттілігі үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы «Укрспецэкспортпен» келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», делінген хабарламада. 2022 жылдан бастап Қазақстан қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салды. Ведомство тек ресми ақпарат көзіне сенуді сұрайды.
Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты Президент әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. «Менің бастамаммен өкілді билік саласында сіздерге арнайы квота бөлінді. Қазіргі таңда Парламент пен мәслихаттардағы әйелдердің үлесі артты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді», — деп атап өтті мемлекет басшысы. Сондай-ақ мемлекет тарапынан әйелдерге әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.
3 млрд теңге шығын: Қостанайда бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды Қаржы мониторниг агенттігінің мәліметінше, «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. «Топ ұзақ уақыт бойы «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңге өтеді, 3,1 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды», — дейді ведомство. Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13 — ұйымдасқан топтың мүшесі, оларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз…
«Әр балаға 300 мың теңге»: Алматыдағы митингіде қоғам белсендісі аналарға берілетін әлеуметтік төлемдерді арттыруды талап етті «Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин» тақырыбындағы митингіде қоғам белсендісі Бағила Балтабаева ана мен бала мәселесін қайта қарау керектігін айтты. «Қоғамды негізгі құрайтын – ана мен бала, басты мәселе осы. Ана мен баланың жағдайын жасайтын мемлекеттің өркендейтіні анық. Сондықтан бірінші ана мен баланың жағдайын жасау керек. Міне, сіздер соны көтеріңіздер», – деді ол. Сондай-ақ ол митингіде көтеріліп жатқан өзге тақырыптағы мәселелерді сынады. Белсенді аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін арттыруды талап етті.