«Әр балаға 300 мың теңге»: Алматыдағы митингіде қоғам белсендісі аналарға берілетін әлеуметтік төлемдерді арттыруды талап етті
«Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин» тақырыбындағы митингіде қоғам белсендісі Бағила Балтабаева ана мен бала мәселесін қайта қарау керектігін айтты.
«Қоғамды негізгі құрайтын – ана мен бала, басты мәселе осы. Ана мен баланың жағдайын жасайтын мемлекеттің өркендейтіні анық. Сондықтан бірінші ана мен баланың жағдайын жасау керек. Міне, сіздер соны көтеріңіздер», – деді ол.
Сондай-ақ ол митингіде көтеріліп жатқан өзге тақырыптағы мәселелерді сынады. Белсенді аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін арттыруды талап етті.