Шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібін енгізу тұтынушыларға қалай әсер етеді ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлінің айтуынша, бұл экономикалық тұрғыдан тиімді болады. «Бланкілер 100% пайдаланылып, оларды алу процесі жеңілдетілгенде, тасымалдаудың өзі арзандайды. Ал егер тауарды тасымалдау арзан болса, онда сөредегі өнімнің бағасы да төмен болады», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Өз кезегінде ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Селім Қуанышұлы ашық бәсекелестік жағдайында тасымалдауға ұсыныстар көбейеді, сол арқылы жүк тасымалы (жүк тасымалдағаны үшін төлем) азаятынын айтты. «Былтыр қараша айына дейін Польшадан Алматыға жүк тасымалдау 7 мың еуроны…
Автор: asylbek
Енді ректорлар университетті ұзақ мерзім басқара алмайды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет ректорларының мерзіміне өзгеріс енгізілетінін айтты Біздегі ұлттық университеттер ректорларының мерзімін үш жылға базалық келісімшарт бойынша ұзарту мүмкіндігі бар. 14-15 наурызда арнайы республикалық комиссияның отырысы өтеді. Сол жерде жаңа қағидаттар қабылданады, — деп ведомство басшысы журналистің сұрағына жауап берді. Нұрбектің айтуынша, жаңа ережеде ректорлардың қызметін екі мерзімнен артық ұзартпау ұсынысы бекітілмек.
Шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі барлық мемлекеттік органдармен талқыланып, келісілгеннен кейін ғана енгізіледі ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әлі Алтай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында шетелдік рұқсат бланкілерін берудің ұсынылған тәртібі мен бақылау туралы айтты. Өтініш беріледі — мұны қашықтан жасауға болады. Өтініш бергеннен кейін жүйе оның сәйкестігін толығымен тексереді, содан соң хабарлама жіберіледі. Төлем жасауға екі күн уақыт беріледі. Бланкілер «Азаматтарға арналған үкіметке» жіберіледі, тасымалдаушылар оны сол жерден алып, маршрут бойынша жолға шығады. «Біз енгізгелі отырған жаңа талап — бланкіні алғаннан кейін – егер бланк алсаңыз және ол компанияңызға толығымен ресімделген болса, онда…
Көлік министрлігі шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібін ұсынуда Қазақстан 42 елмен халықаралық тасымалды жүзеге асырады. Әр елмен үкіметаралық келісімдер жасалған. 2022 жылы 155 мың рұқсат бланкісі берілді, оның ішінде тек 45%-ы ғана пайдаланылған. 2023 жылы — 270 мың рұқсат бланкі берілсе, оның 68%-ы пайдаланылған. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әлі Алтай осындай деректерді келтірді. Оның айтуынша, қолданыстағы бланкілерді тарату әдісі ашық емес. Ол бланкілерді белгілі бір тасымалдаушылардың атына бекіту, бланкілерді бұрын жұмыс істеген автомобильдерге ғана беру сияқты қателіктерге, көлеңкелі нарықта бланкілерді қайта сату жағдайларына, қолдан тапшылық жасауға, адал тасымалдаушылардың…
ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы бойынша Әзербайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Тараптар елдердің энергетика, қазақстандық мұнай транзиті, жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. 2022 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) және SOCAR компаниялары арасында Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан мұнай жөнелту Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында 1 057 мың тоннаны құрады. 2024 жылға қазақстандық мұнайды БТД арқылы жылына 1,5 млн тонна көлемінде жеткізу жоспарланған. «Біздің Ұлттық компанияларымыздың алдына Қазақстанда…
Елордада әлемнің үздік жас биологтары бақ Астанада 7-14 шілде күндері оқушылар арасында биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өтеді. Үздік биолог атағы үшін әлемнің 80 елінен 330 жас бақ сынайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.IBO-2024 теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады. Олар ғылымның негізгі салаларындағы сұрақтарды қамтиды. Бұл жасушалық және молекулалық биология, жануарлар мен адамдардың анатомиясы мен физиологиясы, генетика, эволюция, экология және т. б. «2024 жылы 35-ші рет ұйымдастырылғалы отырған әлемдік дода Астанада өтеді. Мұндай шешімді Халықаралық ұйымдастыру комитеті қабылдады. Бұл Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесінің кеңістігіне сәтті қадамы», — деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов. Аталмыш халықаралық…
С. НҰРБЕК: ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ АЗ «Қазақстанның ғылымға бөліп жатқан қаржысы басқа дамушы елдермен салыстырғанда едәуір аз. Отандық саланың тамырына қан жүгірту үшін елдің жалпы ішкі өнімінен кем дегенде 1 пайыз қаражат ғылыми зерттеулер мен өндіріске жұмсалуы керек». Бүгін Мәжіліс қабырғасында жаңа заң жобасын таныстырған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді.
Елімізде құтқарушылардың зейнет жасы төмендетіледі Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, қазір төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларды аттестациядан өткен қызметкерлер санатына ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр. Осылайша құтқарушылардың зейнетке шығу жасы төмендеп, олардың құқығы мен мәртебесі құқық қорғау жүйесіндегі қызметкерлердің дәрежесімен теңеседі. Оның айтуынша, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жасау мәселесі де қарастырылған. Сондай-ақ құтқарушыларға денсаулығына зиян келтіретін және өміріне қауіп төндіретін жұмыстар үшін 70%-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы төленбек.
Ақтөбеде жол апатынан 8 адам мерт болды Қайғылы оқиға Ақтөбе-Атырау тас жолында болып, Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан. «Көлік апаты кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
“Терезесі скотчпен жабыстырылған”: Көкшетау тұрғыны аурухананың адам шошырлық суреттерін жариялады Сурет авторының айтуынша, ол гинекология бөлімінде ем қабылдаған. Автор медицина қызметкерлеріне шағымы жоқ екенін, бірақ аурухана жағдайының көңіл көншітпейтінін айтады. «Беретін көрпелерін көрпе деуге де келмейді, мен аязды кезде жаттым, жүкті әйелдер жылыну үшін киініп ұйықтап жүрді. Екінші суретте дәретхананың терезесі, шеттерін шүберектермен жауып, скотчпен жабыстырып тастаған, аурухананы жөндеуге ақша бөлінбей ме?» – дейді сурет авторы