С. НҰРБЕК: ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ АЗ
«Қазақстанның ғылымға бөліп жатқан қаржысы басқа дамушы елдермен салыстырғанда едәуір аз. Отандық саланың тамырына қан жүгірту үшін елдің жалпы ішкі өнімінен кем дегенде 1 пайыз қаражат ғылыми зерттеулер мен өндіріске жұмсалуы керек».
Бүгін Мәжіліс қабырғасында жаңа заң жобасын таныстырған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді.