Біздің облыстық филиалының фронт кеңсе қызметкерлеріне әр адаммен дербес жұмыс жасауға жүктелген міндеттерімізді атқарудамыз. Қандастар фронт кеңсеге қабылдауға келуімен қатар Call орталығының байланыс телефондарына, әлеуметтік желідегі парақшаға звондап өздерін мәселесін айтып, кеңес алуда. Сонымен қатар қандастардың мәселелерін жергілікті мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп шешу бойынша нақты қолдау көрсету, ақпараттық консультациялық көмек көрсету, құжаттарын рәсімдеу барысында облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, облыстық ПД-нің Көші-қон қызметі басқармасы, «Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ, қала, аудан мансап орталықтарымен тығыз байланыста жұмыстаймыз. Облыстық филиал тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды облыс, республика деңгейінде насихаттауға облыстық «Сарыарқа самалы»…
Автор: asylbek
ОРАЗАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҮЙЕДЕ ДӘЛЕЛДЕНГЕН ДЕНСАУЛЫҚҚА ТИГІЗЕТІН ПАЙДАСЫ Ораза салмақ жоғалту, қандағы қантты бақылау және қатерлі ісік және нейродегенеративті бұзылулар сияқты медициналық жағдайлардан қорғауды қоса алғанда, денсаулыққа бірқатар пайда бере алады. Ораза ғасырлар бойы қалыптасқан және көптеген мәдениеттер мен діндерде орталық рөл атқаратын тәжірибе болып табылады. Белгілі бір уақыт ішінде барлық немесе кейбір тағамдардан немесе сусындардан бас тарту сияқты ораза ұстаудың көптеген жолдары бар. Ораза артық салмақ жоғалту және мидың жұмысын жақсарту сияқты денсаулыққа пайдалы болуы мүмкін. Ғылым дәлелдеген оразаның денсаулыққа тигізетін пайдаларына тоқталсақ: Инсулинге төзімділікті төмендету арқылы қандағы қантты бақылауға ықпал етеді. Бірнеше зерттеулер ораза қандағы қантты бақылауды жақсарта…
Әскерге барудан қашатындар көп. Айыппұл өскеннен бе, әйтеуір соңғы жылда бұл көрсеткіш төмендеген. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов айтты, деп жазады Ulysmedia.kz. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру тәртібі жеңілдейтін болды Офицердің сөзіне қарағанда, екі жылда әскерден жалтарушылар саны айтарлықтай қысқарған. «Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бойынша: екі-үш жыл бұрын олар (әскерден жалтарушылар — еск.) шамамен 35-40 мың адам болды. 2023 жылғы әскерге шақыру қорытындысы бойынша — 20 мыңға жуық адам. Осы екі жыл ішінде бірнеше есе қысқарды», — дейді Досымов. Ведомство бастығының орынбасары мәліметінше, бұл ретте басқа мемлекеттік органдармен ықпалдасу және әскерге…
Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын алды Көркем жүзуден топтық сайыста отандастарымыз чемпион атанды. Қазақстандық спортшылар 204.6708 ұпай жинады. Осылайша Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржыны 1 алтын медальмен толықты.
«Көктем кешігіп келеді»: Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады.Болжамға сәйкес, биыл Қазақстанның басым бөлігінде көктем наурыздың екінші жартысы, сәуір айының басында сәл кешігіп келеді.Оңтүстік өңірлерде наурыз жылы ауа райымен басталады. Алайда кейін суық қайта оралады. Наурыз айының бірінші онкүндігінің соңында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қатты жаңбыр күтіледі. Ал ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Наурыз айында әдетте, синоптикалық процестердің қыстан көктемге ауысуына байланысты ауа-райының жиі өзгеруі байқалады.Дегенмен еліміздің солтүстік облыстарында бұл айда қыс жалғасын табады. Бұл аймақтарда суық ауа райы, қар, боран, көктайғақ және тұман болады. Тек кейбір күндері көктемгідей күн ашылуы мүмкін.
Тек сауда ойын-сауық орталықтарын кезгенде ғана емес, тіпті үйде теледидар алдында отырғанда да сауда маркалары – үнемі көз алдыңда. Олар заманауи іскерлік әлемнің ажырамас бөлшегі. Патент маманы Ирина Резникованың түсіндіруінше, күнделікті өмірде негізінен, логотип, бренд, фирма атауы, сауда белгісі немесе сауда маркасы деген ұғымдар синоним ретінде қолданыла береді. Оның бәрі нақты компанияны, тауарды немесе қызметті индивидуализациялауға, ілгерілетуге бағытталған. «Бизнес нысандары бір брендті қалыптастыру үшін көп жылын, қыруар қаражатын, күш-жігерін сарп етуі мүмкін. Егер танымал ете алса, онысы табыс көзіне айналады. Біріншіден, тауарлық белгіні кез келген меншік сияқты қомақты қаржыға толық сатуға болады. Екіншіден, жалға беруге, франшиза ретінде таратуға, тауарлық марканы…
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды мал өсіру үшін жер телімін ала алмаған. Бұл — жер заңнамасына қайшы. Жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімін беруден бас тартқан. Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімі беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Инвесторлардың құқығын қорғау — прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі. Инвесторлардың дабылдарына жедел ден қою мақсатында фронт-офис құрылып, Жетісу облыстық прокуратурасының мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-131-04-44).
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 140 мыңнан астам қызмет алды 2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 110,9 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мың – ымдау тілі қызметін, 24,1 мың – жеке көмекшінің, 3,8 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды.
Ерлан Қошанов ресми сапармен Ресейде жүр Парламент Мәжілісінің төрағасы сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған.
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысындағы «Тұрмыстық қатты қалдықтармен тиімді жұмыс істеу туралы» баяндама барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев міндетті экологиялық талаптарды атап өтті. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін азайтуға ықпал ететін тағы бір міндетті экологиялық талап – қоқыс шығаратын машиналарды (ҚТҚ тасымалдайтын) GPS датчиктерімен жабдықтау және нақты уақыт режимінде қозғалыс туралы ақпаратты Экология министрлігінің ақпараттық жүйесіне беру. Бұл ақпараттық жүйе өткен жылдың күзінен бастап тәжірибелік пайдалануда және ағымдағы жылы оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда. Экология кодексінің 368-бабының 2-тармағына сәйкес ҚТҚ тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көліктің қозғалысы туралы толық навигациялық ақпаратты «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның және табиғи…