Елімізде республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясы басталды Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде Алғыс айту күніне орай телекөпір өтті. Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарға азаматтық және қызметтегі ерлігі үшін, этносаралық келісімді нығайту мен ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы телекөпірге 1000-нан астам адам қатысты. «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қайырымдылық акциясының ұйымдастырушылары жыл бойы көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, қарттар үйі мен балалар үйлерінде іс-шаралар ұйымдастырады. Бүгін аталған акция аясында Астана қаласындағы көп балалы екі отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Бұл шапағаты мол іс-шара жыл соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар…
Автор: asylbek
Ардагер журналист, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев және партия ұжымы, «BAIMEDIA» МЕДИА-ХОЛДИНГІНІҢ ұжымы қайраткердің отбасына және туған, туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған болатын. Кейіннен республикалық басылым – «Арай» журналының, «Время-Дәуір» және «Эпоха» газеттерінің бас редакторы қызметін атқарды. Қазақстанның ардагер журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Вызов времени», «Миражи и реалии», «Служение нации», «Казахская драма» атты төрт кітаптың авторы. Сондай-ақ ол республикалық, одақтық басылымдардағы,»Аргумент и факты», «Вокруг света» сияқты газеттердегі 500 авторлық мақалалардың авторы.
Елде – Жаңаарқада жүрмін. Арқада, оның ішінде Жаңаарқа ауданында құлақ естіп, көз көрмеген (мен туғалы) жұт болып жатыр, ағайын. Кеше өзім өсіп, ержеткен Жаңаарқа ауданы, Байдалы би ауылында болып, өз көзіммен көрдім, жылқы жарықтық қырылып жатыр, қырылмағаны әбден арып, тулаққа айналған.Түртіп қалсаң – құлағалы тұр. Құлағаны тұрмайды – пышаққа ілінеді. Биелер тегіс құлын тастаған. Тұтас үйірлер жоғалып, із-түссіз кеткен. Мал баққан, оның сүмесіне қарап отырған елдің еңсесі түсіңкі. Жем-шөп жетпейді. Жылқы қолға қараған соң – елдің шөбі түгесілуге таяу. Шөп бағасы шарықтап кеткен, тоннасы 120 мыңға жеткен! Бұған қайрат қылып жатқан өкімет жоқ. Естуімше, билік малдың жұтқа ұшырауын халықтың өзінен…
Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті облыстық мәслихаттың депутаты Павел Булаевты ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеп. «Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды», — деп растады СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті. Павел Булаев бір жыл бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болған. №13 аумақтық бір мандатты округі бойынша Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясынан сайланды.
Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурсты алып тастады. Бұл туралы ведомствоның сайтындағы мәлімдемеде айтылған, — деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 28 ақпанда министрлік «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясына бұйрық жолдаған. Аукцион өткізілмейді, деп хабарлады департамент. «Индустрия және құрылыс министрлігі «Киров машина жасау зауыты» АҚ-ның 100 пайыз жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Киров атындағы машина жасау зауыты 1942 жылы құрылған және ТМД елдерінде жылу қозғалтқышы бар торпедаларды шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Ұлы Отан соғысының басында зауыт алдымен Махачкалаға, ал 1942 жылдың аяғында Алматыға көшірілді. Айта кетейік, сауда 12…
WSJ басылымы Кремльдің Киевке 2022 жылғы соғысты аяқтауға қатысты келісім жобасын ұсынды. Ресей Стамбұл қаласындағы келісімде қысқаша мына талаптарды қойған: — Қырым Ресейдің құрамында қалады және бейтарап аймақ болып саналмайды. — Украинаға ЕО-ға кіру мүмкіндігі беріледі, алайда қандай да бір әскери одаққа, НАТО-ға қосылуға тыйым салынады. — Украинаға шетелден қару алуға тыйым салынады. — Украинаның шығысына қатысты мәселе Путин мен Зеленскийдің жеке кездесуінде шешіледі. — Орыс тілі украин тілімен қатар қолданылады. — Украина әскерінің саны 85 мыңға қысқарады. Украинада 342 танк пен 519 артиллериялық құрылғы ғана болуы тиіс. Украин зымырандарының ату қашықтығы 40 шақырымнан аспау қажет. Бұл келісім іске аспай,…
KAZINFORM — С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің зертханасында сілтілік ортада натрий формиатын алу әдісін жүзеге асырды. Университеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ғылыми жобаға белгілі химик, технолог Маржан Досмағамбетова жетекшілік еткен. Жаңа реагентті қыс мезгілінде автокөлік пен жаяу жүргіншілер жолын, ұшақтың қанаттары мен корпусын мұздан қорғау үшін қолдануға болады. Фото: С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті «Натрий формиатын өндіру осы кезге дейін палладий катализаторы және төрт хлорлы көміртекті сутегімен гидрохлорлау әдісі арқылы алынып келді. Бұл процесс 90-100°С температурада 12-19 атмосфералық қысымда сілтілік ортада жүргізіледі. Оның басты кемшілігі қысым 12 атмосфераға дейін төмендейді. Сол кезде натрий формиатының шығымы да күрт…
Бүгін Қызылордада жаңадан салынған «Өнер орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева және комиссия мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, облыстың зиялы қауымы, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн» деген болатын. Сыр өңірі – шежіре тұнған, халықтың…
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы айтылды. «Бүгінде министрлік «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы аясында ғалымдардың әлеуметтік деңгейін арттыруға ықпал ететін шараларды қабылдауда. Соның бірі – жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жыл сайын гранттар, оның ішінде жас ғалымдарға арналған гранттар бөлу», — делінген Kazinform агенттігінің Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолдаған сауал жауабында. Сонымен қатар, министрлік пен «Отбасы банк» АҚ арасындағы 2023-2027 жылдарға арналған жас ғалымдарға арналған кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 80 жас ғалым баспана алған.
АСТАНА. KAZINFORM – Бельгия үкіметі келесі аптада Газа секторына гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте Палестина халқына жалпы құны 500 мың еуроны құрайтын жүк әскери ұшақтардан әуеден түсіріледі. Премьер-министр Александр Де Крооның айтуынша, Бельгияның көмегі жалпы құны 100 мың еуро болатын азық-түлік өнімдері мен 400 мың еуроға жуық медициналық құрал-жабдықтардан тұрады. Гуманитарлық көмекті әуе арқылы жіберу шешімі Газаға шекаралық өткелдер арқылы жүк тасымалдаудың қиындығына байланысты қабылданды. Бельгияның A400M ұшағы Иорданияға ұшады. Жүк бір апта ішінде Газа секторына жеткізіледі. Осы мақсатта иорданиялықтармен әуе операциясының практикалық жағын талқылау және талдау үшін елге Қорғаныс министрлігінен бір топ жіберілді. Бұған дейін Франция…