• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ: Жаңарқада сұрапыл жұт болып жатыр

ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ: Жаңарқада сұрапыл жұт болып жатыр

3 марта, 2024 Жаңалықтар

Елде – Жаңаарқада жүрмін. Арқада, оның ішінде Жаңаарқа ауданында құлақ естіп, көз көрмеген (мен туғалы) жұт болып жатыр, ағайын. Кеше өзім өсіп, ержеткен Жаңаарқа ауданы, Байдалы би ауылында болып, өз көзіммен көрдім, жылқы жарықтық қырылып жатыр, қырылмағаны әбден арып, тулаққа айналған.Түртіп қалсаң – құлағалы тұр. Құлағаны тұрмайды – пышаққа ілінеді. Биелер тегіс құлын тастаған. Тұтас үйірлер жоғалып, із-түссіз кеткен. Мал баққан, оның сүмесіне қарап отырған елдің еңсесі түсіңкі. Жем-шөп жетпейді. Жылқы қолға қараған соң – елдің шөбі түгесілуге таяу. Шөп бағасы шарықтап кеткен, тоннасы 120 мыңға жеткен! Бұған қайрат қылып жатқан өкімет жоқ. Естуімше, билік малдың жұтқа ұшырауын халықтың өзінен көруде. Халық өлген малын дәлелдей алмауда. Себебі, әр жылқы есепке алынып, чип салынуы керек екен, әр малды паспорттау керек көрінеді.

Қысқасы, өкіметтің позициясы –малдардыңды дұрыс бақпаған, жұтқа дайындалмаған өз обалдарың өздеріңе дегенге саяды. Баяғыда, Кеңес үкіметі кезінде мұндай ауыр қыстарда ел ішіне жоғарыдан уәкілдер шығып, мәселенің мән-жайын көзімен көрген соң, үкіметке баяндап, сонан соң төтенше жағдай жарияланып, жұт зардаптарын жоюға нақты шешімдер қабылданып, оны жүзеге асыруға арнайы құрылған арнайы штабтар жедел іске кірісетін. Бұған күллі республика жұмылдыратын, тіпті Темір жол, көлік қатынастары министрлігі облыстардан жем-шөп тасуға арнаулы вагондар мен жүк көліктерін бөлетін. Қазір мұның бірі жоқ. Үкімет өлмесең өмірем қап дегендей, тым-тырыс, үнсіз. Бұл жөнінен бұл 1929-32 жылдардағы ұлы ашаршылықта халық аштан қырылып жатқанда «Қазақстанда бәрі жақсы, тек Совет үкіметіне қарсы байлар малдардын әдейі қырып жатыр деп, Мәскеуге жалған ақпар жөнелтумен болған Голощекин басқарған үкіметтің сұрқиялығын еске түсіреді.

Кәрі құлақтардың айтуынша мұндай ауыр жұт арқада 1968-1969 жылдары, ескіше Мешін мен Тауық жылдары болған. Айырмашылығы – 1968-1969 жылдардағы жұтта апталап боран соғып, 30-40 градустық аяздар бір ай бойы тұрып алған. Биылғы жұтта боран соңы жаңбырға оның соңы қатты аяздарға ұласқан. Жаңа сырттан келдім, теріскейден шығып алған өкпек, ызғарлы жел өңменіңнен өтеді. Жылқы баққандар біледі, бұл әбден арыған, әлжуаз жылқының түбіне жететін нағыз жұттың желі.

Бала кезімде небір ауыр жұттарды көрген қариялардан естіп едім. Жұттың ең ауыры қоян жылдарына келеді. Оның ішінде ақ қоян, көкше қоян, тықыр қоян т.б. түрлері болады. Соның ішінде ең ауыры – ақ қоян жылғы жұт деп. Өздері оның қай қоян екенін айырып, түстеп танып отыратын. Ол кезде бала болдық, қариялардан бұл ілімді алып қала алмадық. Сол себепті биылғы жұт – қай қоян жұты екенін түстеп тани алмаймыз. Әйтеуір елге өзгеше сұрапыл ауыр жұт тиюде. Сосын сол көнекөздер айтушы еді: «Қоянның кіруінен, шығуы ауыр болады» деп. Кеше ауылдағы Жұмағали бөлем: «Интернеттегі ауа райын қарадым, 15 наурыздан бастап, бір апта жауын жауады деп тұр. Онда мына жылқылардың бәрі қырылады. Қазірдің өзінде бауырлары ісіп кеткен», – дейді. Өзі жығылып, тұра алмай қалған көтерем тайын сойып әлек.

Егер шынында да наурызда Арқада жаңбыр жауар болса, ел жүгенін ұстап қалмақ. Мұның соңы елде мал шаруашылығының күйреуіне әкеліп соқпақ. Алайда мен бұған бас ауыртып жүрген мал шаруашылығы басшыларын көрмедім. Себебі ауданда мал шаруашылығының басшысы – юрист көрінеді. Жаңа ғана аудан орталығында бір үйде өткен бас қосудан келдім. Шарасыз жұрт «Юрист – мал шаруашылығының жайын қайдан білсін» – деп қолын жаяды.
Қысқаша баяндамасам, аудандағы ахуал осындай – өте күрделі! Басқа аудандардан әзірге нақты ақпаратым жоқ. Әйтсе де осынау ахуал тұтас Ұлытау облысына тән көрінеді.

Ел азаматтары, журналистер, Ұлытау облысына, әсіресе, Жаңаарқа ауданына Үкіметтің назарын аудартып, төтенше жағдай жариялауға күш-қайрат қылыңыздар! Биліктің айтқанына сенбеңіздер! Олар елдегі жағдайды бүркемелеп, жоғарыға нақты жағдайды баяндауға жүрексініп отырған сыңайлы. Мен әлі ауданда боламын. Маған мән жайды баяндаймын, ватцабыма жіберемін десеңіздер, тел 87473792782. Алматыға

барған соң, осынау ауыр жұтқа байланысты мақала жазып, Үкіметтің, қоғамның назарын аудармаққа ниеттімін. Әйтпесе, мынау шын мәнінінде боп жатқан сұмдық! Жаңаарқа ауданын кейінгі 56 жылда болмаған ауыр жұт жайлауда!

Суреттер жаңаарқалық айтыскер ақын Өміржан Көпбосыновтың парақшасынан алынды.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025325 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.