Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті облыстық мәслихаттың депутаты Павел Булаевты ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеп. «Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды», — деп растады СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті. Павел Булаев бір жыл бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болған. №13 аумақтық бір мандатты округі бойынша Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясынан сайланды.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды