Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурсты алып тастады. Бұл туралы ведомствоның сайтындағы мәлімдемеде айтылған, — деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 28 ақпанда министрлік «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясына бұйрық жолдаған. Аукцион өткізілмейді, деп хабарлады департамент. «Индустрия және құрылыс министрлігі «Киров машина жасау зауыты» АҚ-ның 100 пайыз жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Киров атындағы машина жасау зауыты 1942 жылы құрылған және ТМД елдерінде жылу қозғалтқышы бар торпедаларды шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Ұлы Отан соғысының басында зауыт алдымен Махачкалаға, ал 1942 жылдың аяғында Алматыға көшірілді. Айта кетейік, сауда 12 наурызда басталуы керек еді. Аукциондағы бастапқы баға 6,1 млрд теңге болып белгіленді.
Трендте
- Қазақстанда қанша адамның кредиті кешіріледі
- «Әзілі шектен шықты». Қазақ тілін келеке еткен Черчесовке шара қолданылды
- Талғарда тағы бір лауазымды тұлға қызметінен босатылды
- 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
- Қазақстан азаматтарына қанша зейнетақы төленді?
- Түркістан облысында 30 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйел сотталды
- Мемлекет қостанайлық шаруаларға 40 млрд теңге қарыз
- «Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді