- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
Ерлан Қошанов ресми сапармен Ресейде жүр Парламент Мәжілісінің төрағасы сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған.
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысындағы «Тұрмыстық қатты қалдықтармен тиімді жұмыс істеу туралы» баяндама барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев міндетті экологиялық талаптарды атап өтті. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін азайтуға ықпал ететін тағы бір міндетті экологиялық талап – қоқыс шығаратын машиналарды (ҚТҚ тасымалдайтын) GPS датчиктерімен жабдықтау және нақты уақыт режимінде қозғалыс туралы ақпаратты Экология министрлігінің ақпараттық жүйесіне беру. Бұл ақпараттық жүйе өткен жылдың күзінен бастап тәжірибелік пайдалануда және ағымдағы жылы оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда. Экология кодексінің 368-бабының 2-тармағына сәйкес ҚТҚ тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көліктің қозғалысы туралы толық навигациялық ақпаратты «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның және табиғи…
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында вице-министр Нұркен Шарбиев орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің дамуы туралы баяндады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша өткен жылы 340 млн.дана көшет отырғызылғаны атап өтілді, бұл жылдық жоспардың 73% -. құрайды. Тиісті жұмысты Ақмола (83%), Ақтөбе(66%), Павлодар (5%), Қарағанды (12%), Қостанай (45%), Қызылорда (82%) және Солтүстік Қазақстан (77%) облыстары, сондай-ақ «Семей орманы» (47%), «Бурабай» МҰТП (42%) және «Жасыл Аймақ»РМК (76%) кәсіпорындары жүргізген жоқ. Өткен жылғы жоспарларды орындамаудың негізгі себептері қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан орман тұқымдарын жинау және отырғызу материалын өсіру бойынша 2021 жылғы жоспарлы көрсеткіштерге қол…
Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады «Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады», — делінген жеделхатта. Саясаттанушы, публицист Сейдахмет Құттықадам 78 жасында өмірден озды
Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік, ведомстволық және жеке ұйымдардың орден, медальдері қарша борап жатқандығы ақиқат. Елімізде 10 орден, 4 медаль және 4 ресми атақтар бар. Ал ведомстволық наградалардың саны 200 жуықтады. Кеңестік кезеңнен қалған «кеудеге темір тағып арқадан қағу» саясаты әлі де бар. Естеріңізде болса, өткен жылдары Ресейге барғанда Президентіміз Қ.Тоқаев Ресей мемлекеті ұсынған «Невский орденінен» бас тартты деген қауесет тарады. Бірақ Қ.Тоқаевтың «мен өзімнің Президенттік міндетімді атқарып отырған сәтте ешқандай марапат қабылдамаймын» деген сөзінің өзі көпке үлгі болу керек еді. Саңырауқұлақша қаптаған атақ, даңқтар мен орден, медальдер көбеймесе азайып отырған жоқ. Қазіргі таңда «Қазақстанның құрметті азаматы», «Қазақстанның мәдениет пен өнер…
Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялаған тұста елдегі қазақтардың үлесі 30% жетер жетпес ғана еді. Тоқырау заманы басталып әр ұлт өзінің атамекеніне көше бастады. Әсіресе тоқсаныншы жылдардың басында немстер Германияға, шешен, ингуштар, грузиндер мен армяндар т.б өз елдеріне қайта бастады. Бұған себеп елдегі экономикалық ахуал да әсер етті. Кеңес Одағынан мұра боп қалған зауыттар мен фабрикаларда шикізат жоқ. Болған күннің өзінде сауда нүктелер анықталмаған еді. Мұның барлығы елде мамандардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Мемлекеттік органдар мен зауыт, фабрикалар жалақ төлеуге қауқары болмағандықтан мұғалімдер де, дәрігерлер де, ішкі істер, қорғаныс, ауылшаруашылық, энергетика саласының небір мамандары ала сөмке арқалап қытай асып, қырымнан тасып күн…
Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады. – Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы Болгария Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас…
Қазақстанның қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жақында қаржы пирамидасының белгілері бар жобалардың үстінен сотқа дейінге тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Олардың ішінде құрылғанына бірнеше жыл болса да көпшіліктің сеніміне кіріп үлгерген “Аманат drive” кооперативінің де аты аталады. Оның үстіне өздерін “халыққа баспана мен көлікті пайызсыз алуға көмектесетін жоба” деп таныстыратын ұйымнан жапа шеккендер де аз болмай шықты. Stan.kz ақпарат агенттігімен тілдескен азаматтар тез арада үй алуды армандап, соңында ақшасын қайтаруға зар болып қалғандарын айтып шағымданды. “Аманат drive” тұтыну кооперативі 2020 жылы құрылған. Олар өздерін қазіргі таңдағы Қазақстан бойынша №1 кооператив деп атайды. Алайда мониторинг агенттігі бұл ұйымды қаржылық пирамидалардың тізіміне қосқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу…
Денсаулық сақтау министрлігінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының Елдік бағдарламалар және денсаулық сақтау жүйелерінің стратегиялары бөлімінің директоры Н. Аззопарди-Мускат ханыммен кездесу өтті, оның барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы институционалдық реформаларды жүргізуде техникалық қолдау көрсету мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Ағымдағы жылы Мемлекет Басшысы Үкіметтің алдына денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек пакеттерін біріктіруге көшу міндетін қойды», — деп атап өтті кездесу барысында министр. Осы тұрғыда ДДҰ жүргізген Қазақстандағы денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін бағалау нәтижелері ел үшін өте өзекті болып табылады. Денсаулық сақтаудың қаржы ресурстарын басқару мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі…
Мәжілісте экономикалық қылмыстарды декриминализациялау туралы дөңгелек үстел өтті. Жиынға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева жетекшілік етіп, оған депутаттармен қатар тиісті өкілетті органдардың өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі декриминализациялауды жүргізуді және салық қылмыстары бойынша кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін айқындаудың әділ тетігін енгізуді тапсырған болатын. Осы негізде қойылған міндеттерді егжей-тегжейлі талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.