Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі артады Мәжіліс депутаттары белгіленген мөлшерден сағатына 60 шақырым немесе одан да көп жылдамдық асырған жүргізушілерге 147 мың теңге айыппұл салуды ұсынып отыр. Көлік иесі бір жыл ішінде ережені екі рет бұзса, әкімшілік жазаның мөлшері де өседі. Осылайша, адам өлімімен аяқталатын апаттардың алдын алу көзделген. Жауапты ведосмтво өкілдері соңғы уақытта қала ішінде сағатына 180-220 шақырым жылдамдықпен жүретіндер көбейгенін мәлімдеді. Оң-солына қарамай жүйткитін жүргізушілер бұл әрекетке саналы түрде барады, бірақ соңы адам өлімімен аяқталуы мүмкін. Жаңа норма әлі мәжілістің қарауында. Депутаттар мақсат – айыппұл арқылы мемлекет қазынасын толтыру емес, қайғылы оқиғаға әкелетін апаттардың санын азайту екенін айтты. Соңғы бір ай ішіндегі жол апаттарының 15 пайызы жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілердің кесірінен болған.
Трендте
- Қазақстанда қанша адамның кредиті кешіріледі
- «Әзілі шектен шықты». Қазақ тілін келеке еткен Черчесовке шара қолданылды
- Талғарда тағы бір лауазымды тұлға қызметінен босатылды
- 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
- Қазақстан азаматтарына қанша зейнетақы төленді?
- Түркістан облысында 30 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйел сотталды
- Мемлекет қостанайлық шаруаларға 40 млрд теңге қарыз
- «Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді