Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгілі болды “Сот кабинетінің” деректеріне сәйкес, алдын ала тыңдау дүйсенбі, яғни 11 наурызда өтеді. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарайды. Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру”;
ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – “Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру”. @baq_kz
Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгілі болды
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы