- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Ұлыбритания Премьер-министрі ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапарын ықыласпен еске алды – Мен мұнда 11 жыл бұрын екі ел арасындағы стратегиялық диалогты бастау үшін келген едім. Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрімен Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Энергетика, білім, бизнес және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халықтар арасындағы байланыстарды өркендетуге ниеттіміз, – деді Ұлыбритания Сыртқы істер министрі. Әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, әсіресе, білім беру саласы мен жастарды қолдау ісіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дэвид Кэмерон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беру тұрғысынан мәні зор екенін айтты. – Біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз – Ұлыбританиямен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңіліміз толады. Бүгін Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айрықша атап өткім келеді. Бұл жан-жақты құжат біздің сан қырлы байланыстарымызды кеңейту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін, – деді Президент. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты, соның ішінде энергетика, «жасыл» экономика, қаржы, инновация салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мол әлеует бар екеніне назар аударды.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Қазақстан аумағындағы асфальт-бетон зауыттарын тексеріп жатыр. «Биыл жол-құрылысы маусымы су тасқынына байланысты төтенше жағдайда басталды. Оған қарамастан, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК (ЖАСҰО) маусымдық жұмыстарға тыңғылықты дайындалды. Қазіргі кезде Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша еліміздегі барлық асфальт-бетон зауыттарын тексеруді бастады. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ЖАСҰО-ның аймақтарда 15 сынақ зертханасы бар. Биыл жаңадан ашылған облыс филиалдарында тағы 2 зертхана ашу жоспарда бар», — делінген аталған орталықтың мәліметінде. Компания сарапшылары осы маусымда жол-құрылыс материалдарының республикалық желіден 10 000 сынамасын және жергілікті жолдардан 30 мың сынамасын…
Олар Қазақстанға 2025 жылдан кейін де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон» зымыран тасымалдағышын ұшыруды жалғастыруды ұсынды. Хруничев атындағы зымыран орталығының бас директоры Алексей Варочконың айтуынша, «Протон-М» зымыран тасымалдағышының кейбірі ресейлік ғарыш бағдарламасын жүзеге асыру үшін, ал кейбіреулері коммерциялық ұшыру үшін пайдаланылады. Бұған дейін, 2015 жылы Қазақстан мен Ресей «Протон» зымырандарын ұшыруды 2025 жылдан кейін тоқтатамыз деп келіскен еді.
Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны Қазақстан Республикасы – астық өндіруші және өзін өзі астық өнімдерімен толық қамтамасыз ете алатын мемлекеттің бірі. Бұл да мемлекетіміздің қауіпсіздігінің кепілі. Бұл үлкен жетістіктің негізі 1954 жылы қаланған болатын. Биыл тың және тыңайған жерлерді игеру науқанына жетпіс жыл толды. Тың игеру науқанының даңқы мен дабырасы әлемге, оның ішінде социалистік лагерь елдеріне молынан жетіп жатты. Тың игерумен қатар, Қазақстанды индустрияландыру да үлкен қарқынмен жүрілді. «Қазақстан магниткасы» атанған бұрынғы Жауыртау, қазіргі Теміртау қаласының индустриялық аумағынсалу үшін КСРО мен шетелдерден мыңдаған мамандар мен жұмысшылар тартылды. Осы кезеңде КСРО құрамындағы одақтас республикалардың меншікті аумақтарын бірінен екіншісіне қосып…
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру барысы талқыланды. Аталмыш жоба былтыр мамыр айында Қазақстанның 8 өңірінде басталды. Ол азаматтарға білікті қаржылық және құқықтық көмек көрсетуді, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды, азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесуді көздейді. «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері 43 мыңнан астам адам оқудан өткен. Олардың 81%-ы ауылдар мен ауылдық округтердің тұрғындары. Жобаға қатысушылар сарапшылардың дәрістерінен бөлек enbek.kz порталында тіркелу мен жеке кәсіпкерді ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін құру бойынша кеңестер…
Полиция мигранттарды Париждегі уақытша лагерьден көшіре бастады. Алайда баспанасыз топтарға көмек көрсету топтары бұл жазғы Олимпиада ойындарына дайындыққа байланысты жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Еuronews. Француз полициясы лагерьден Батыс Африкадан келген 30-ға жуық жасөспірім мен жастарды қуып жіберді. Құқық қорғаушылар мен үйсіздерге көмек көрсету ұйымдары мұны «әлеуметтік тазарту» деп атаған. Көшірілгендердің көбі кәмелетке толмағандар, олар тұруға ықтиярхат алмақ болған. «Біз бұл Олимпиада ойындарын ұйымдастырумен байланысты деп ойлаймыз. Мұндай эвакуация Парижде бірнеше ай бойы апта сайын қарқынды түрде жүріп жатыр, бұл көшеде тұратын барлық адамдарға әсер етеді», — деді «Le revers de la medaille» тобының мүшесі Орели Юо. Полиция бұл операцияның қауіпсіздік…
Бұл туралы БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов мәлімдеді. Су тасқыны салдарынан 2343 бас мал, оның ішінде 341 ірі қара, 63 жылқы, 1742 бас уақ мал, 116 шошқа, 81 үй құсы өлді. Қазір шығынның орнын толтыру жұмыстары басталып кетті, — деді ол. Облыстық бюджеттің резервінен мал шығынын өтеуге 187 млн теңге бөлінген.
«Forte Bank» АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге). Бірақ, оның барлығы проценттік табыс, яғни кредит ставкаларының жоғары болуынан келген. Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы — 128,6 млрд теңге). Forte Bank проблемасы — процентсіз табыстың өспеуінде. Яғни кредиттен басқа өнімдері операциялық табысты өсіре алмады. Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард кіріс алған, 2022 жылы да тура сондай нәтижемен шыққан еді. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард тапқан. Бұл да 2022 жылғы көрсеткіштен 17 миллиард теңгеге аз. Forte банкінің 2023 жылғы табысы түгелімен…
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Варшаваға сапары барысында солтүстікатлантикалық одақтың ядролық қаруды орналастыру аймағын кеңейту жоспары жоқ деп мәлімдеді «НАТО-ның қандай да бір еліне қосымша ядролық қаруды орналастыру жоспары жоқ» деп мәлімдеді Столтенберг Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунакпен бірге өткізген баспасөз жиынында.